Меню CARMA.KZ

Қазақстаннан 50 мың тонна АИ-95 бензинін Өзбекстанға әкетпекші болған

Отынның жалпы сомасы 45 млн долларға бағаланады.

Қазақстаннан 50 мың тонна АИ-95 бензинін Өзбекстанға әкетпекші болған / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстаннан 50 мың тонна АИ-95 бензинін Өзбекстанға әкетпекші болған / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Павлодар облысында 5 вагон-цистернаның жолын бөгеді. Оларға антидетонациялық отындық қоспа ретінде декларацияланған жалпы сомасы 90 млн теңге болатын 280 тонна бензин тиелген болып шықты.

Пысықайлардың елімізде өндірілген 50 мың тонна АИ-95 (К-4 экологиялық класс) бензинін Өзбекстанға әкетпекші болғаны анықталды.

2022 жылғы тамыздың басында Қаржы мониторингі жөніндегі агенттік жиын-терім науқанына бөлінген дизель отыны заңсыз сатылып кеткенін анықтаған болатын.

Сондай-ақ Павлодар облысында отынды заңсыз саудалау фактісі анықтады. «Унгефуг» ЖШС белгісіз тұлғаларға жалпы сомасы 610 млн теңгенің 3,5 мың тонна АИ-92 бензинін және 550 млн теңгенің 2,4 мың тонна дизелін сатып жіберген.

«Сот кінәлі деп танып, Шұғатаев Жанайдар Серікұлын ақшалай қаражатын тәркілеумен қатар 6 жылға бас бостандығынан айыруға, Унгефуг Сергей Геннадиевичті 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, ал Шамиев Ержан Хайроллаұлын 3 автокөлік құралы мен 3 жартылай тіркемесін тәркілеумен қатар 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға  жаза кесті», — делінеді ҚМА хабарламасында.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық мұнай өнімдерін көрші елдерге  таситын жылдар бойы жолға қойылған тәсіл әрекет ететінін айтты.  Ол Қаржы мониторингі агенттігіне осы ұйымдарды анықтауды тапсырған болатын.

Ол дизель отынына дифференциалды тарифтер әзірлеуді тапсырды. Осыдан соң Энергетика министрлігі шетелдіктер үшін дизель отыны құнын 450 теңге етіп белгілеуді ұсынды.

Алайда Оңтүстік Қазақстанның «Жанар-жағармай» қауымдастығы бұл бастаманы қолдаған жоқ. Қауымдастықтың төрағасы Қайыпбек Қамбаровтың пікірінше, тапшылық ЖҚС-тарда емес, елден отынды таситын делдалдарға дизель сататын көтерме сатушыларда туындайтынын айтты.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
11.08.2022, 14:16