Меню CARMA.KZ

Қазақстандықтар жиі бұзатын жолда жүру ережелері белгілі болды

Қазақстанда жыл сайын 3-4 млн жолда жүру ережесін бұзу тіркеледі.

Қазақстандықтар жиі бұзатын жолда жүру ережелері белгілі болды / Фото: ҚР ІІМ
Қазақстандықтар жиі бұзатын жолда жүру ережелері белгілі болды / Фото: ҚР ІІМ

ІІМ деректері бойынша, жүргізушілер көбіне максималды рұқсат етілген жылдамдықтан асырады. Қазақстанда айыппұлдың ең жиі себептері келесідей болып келеді:

  • жылдамдықты сағатына 10-нан 40 шақырымға дейін асыру — ереже бұзудың жалпы санының 16%;
  • міндетті автосақтандыру полисінің болмауы — 9%;
  • жол белгілерімен немесе жол бөлігіндегі таңбалармен айқындалған талаптарды сақтамау — 8,2%;
  • қозғалыс кезінде жүргізуші куәлігінің немесе оның орнына берген уақытша куәліктің болмауы — 6,6%;
  • бағдаршамның рұқсат етілмеген түсіне немесе реттеушінің тыйым салған қимылына қарамай өту — 6,2%;
  • жүргізіп келе жатып рацияны немесе мобильді телефонды пайдалану — 3,8%;
  • қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін сақтамау — 3,4%;
  • қарсы бағытқа шығып кету — 3%;
  • КҚ тоқтату немесе тұру ережесін бұзу — 2,7%;
  • мас күйде жүргізу — 2,3%.

Көлік иелеріне сауалнама жүргізген Freedom Insurance сақтандыру компаниясының мамандары жүргізушілердің 72% айыппұл төлеген соң қайталап ЖЖЕ бұзбағанын анықтады.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі жолда жүру ережесін бір күнтізбелік жыл ішінде 5 және одан да көп бұзған жағдайда айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеу мүмкіндігінен айыруды бастама еткен болатын.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
18.08.2022, 15:01