Меню CARMA.KZ

Қазақстандық көлік әуесқойлары 2022 жылы бар-жоғы 27 электрокар сатып алған

Қазақстанда тіркелген автомобильдердің 90% жуығы бензинмен жұмыс істейді.

Қазақстандық көлік әуесқойлары 2022 жылы бар-жоғы 27 электрокар сатып алған / Фото: rg.ru
Қазақстандық көлік әуесқойлары 2022 жылы бар-жоғы 27 электрокар сатып алған / Фото: rg.ru

Қазақстандық әуесқой жүргізушілер биылғы алты айда электрлі тартыммен жұмыс істейтін 27 жеңіл көлік сатып алып, тіркеуге қойған. Бұл туралы ҚР Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығы дайындаған ҚР Жаңа автомобильдер нарығы мен автопаркіне 2022 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша шолуда айтылды.

«Елімізде тіркелген жеңіл автомобильдердің саны (2022 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша) — 518 бірлік», — делінеді АТМО-ның есебінде.

Бұл санды Стратегиялық жоспарлау агенттігінің Ұлттық статистика бюросы да растайды. Олардың ресми сайтындағы есепте 1 шілдеге дейін тіркелген автокөлік құралдарының саны 518 электрокар деп көрсетілген. Ал дәл осы бөлімшенің 1 қаңтардағы жағдай бойынша жасаған дәл осындай есебінде Қазақстанда 491 электрлі жеңіл көлік тіркелді делінген.

«2022 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген жеңіл автомобильдердің көпшілігіне отын ретінде бензинді пайдаланады», — деп көрсетілген АТМО-ның есебінде.

Яғни, елімізде жалпы саны 3 млн 907 мың 214 жеңіл көліктің 89%-ын бензинмен жүретін автомобильдер құрайды. Қазақстанда жеңіл автокөлік паркі 2022 жылдың алғашқы жарты жылында 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,65%-ға өскенін айта кетейік. Былтыр алты айда елімізде тіркелген жеңіл көліктердің саны 3 млн 843 мың 826 бірлікті құраған.

Өңірлерге бөліп қарасақ, тіркелген жеңіл автомобильдер саны бойынша алдыңғы орында Алматы облысы тұр — 501 мың 485 бірлік. Былтырғы алғашқы алты аймен салыстырғанда (481 мың) мұнда есепке қойылғандар 20 мың автомобильге өскен. Осы көрсеткіш бойынша екінші орында Алматы қаласы қалып отыр. Дей тұрғанмен мұнда автомобильдердің саны былтырғы көрсеткішінен салыстырмалы түрде төмендеген — 2021 жылдың 1 шілдесіндегі есепте 467 мың 111 бірлік болса, 2022 жылдың 1 шілдесіндегі есепте 463 мың 698 бірлік. Тіркелген автомобильдер саны бойынша үшінші орынға Нұр-Сұлтан шығып отыр — 285 мың 381 автомобиль. Ол бұл орыннан ШҚО-ны ығыстырды. Былтыр шығыс өңірде алғашқы алты айда 289 мың жеңіл көлік тіркеліпті.

Халықтың жеңіл автомобильдермен қамтамасыз етілу параметрлері бойынша республиканың әр 1000 тұрғынының жеке меншігінде есептік кезеңде 180 бірлік автомобиль бары анықталды. Өңірлер бойынша автомобильдендірудің ең жоғары деңгейі Алматы облысында тіркелді — 1 000 тұрғынға 231 автомобиль, ең төмені — Түркістан облысында — 1 000 тұрғынға 76 автомобиль. Бірақ Түркістан облысы тіркелген жеңіл автомобильдер саны бойынша көш соңында емес — облыста 162 мың автомобиль есепке қойылған және бұл еліміз бойынша орташа көрсеткіш болып саналады. Есепке қойылған автомобильдердің саны өте аз өңірлер Қызылорда (97 мың 338 бірлік), Атырау (102 мың 104 бірлік) және Батыс Қазақстан облыстары (114 мың 799 бірлік) болып отыр.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
25.08.2022, 10:32