Қазақстандық автодилерлер екінші жартыжылдықта нарық қалпына келеді деп сенеді
ҚР Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығының жағымды сценарийінде Қазақстанда автомобильдердің саудасы былтырғы нәтижемен салыстырғанда 10% өсім көрсетеді деп жазылған.
Қазақстандық автодилер биылғы қаңтар-маусымның қорытындысы бойынша 7,7%-ға төмендеген сауда көлемі екінші жартыжылдықта қайта қалпына келеді деп күтуде. Мұндай деректерді еліміздің Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығы 2022 жылдың балғашқы жартыжылдығындағы ҚР жаңа автомобильдер нарығы мен автопаркіне жасаған шолуында келтіріп отыр.
«2022 жылы автомобиль нарығы әлі де жаһандық тапшылық қыспағында отыр. Ол біздің елімізде Ресей Федерациясынан автомобильдер мен машина жиынтықтарын жеткізудің қысқаруына алып келді. АТМО-ның қазақстандық нарықтағы ірі ойыншылар арасында жүргізген сарапшылық сауалнамасы екінші жартыжылдықтың нәтижелелері нарықтың қатысушыларының бейінділігімен және валюта нарығындағы жағдайға қарай айқындалатынын көрсетті», — делінеді Орталықтың зерттеуінде.
Қазақстанда алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша автомобильдердің саудасы 2021 жылдың алғашқы 6 айымен салыстырғанда 7%-дан артық төмендеп кеткені байқалды: Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығының деректері бойынша, дилерлер 51,8 мың жаңа автомобиль саудалаған (жеңіл автомобиль, LCV, жүк көліктері, арнайы техника мен автобустарды қоса есептегенде), бұл 2021 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы сауданың тек 92,3% құрайды.
2022 жылдың шілдесінде нарықта жағымды жаңалықтар бола бастады: қазақстандықтар автосалондардан 11 мың 637 бірлік автотехника сатып алған, бұл 2021 жылдың қаңтар-маусымынан 9%-ға көп. Былтырғы алғашқы алты айда 10 мың 670 бірлік жеңіл көлік сатылған. Қазақстанның Автомобиль бизнесі қауымдастығындағылар шетелде шығарылған автомобильдерге тапшылық орнаған сәтте отандық өндірушілер жылдам әрекет етіп, ең алдымен ішкі нарықты толтыруының нәтижесінде осындай жағымды динамика болғанын айтады.
Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша отандық кәсіпорындар 51 565 бірлік техника шығарды. Өндірістің өсімі былтырғы дәл осындай кезеңмен салыстырғанда 30,6%-ды құрайды. Сонымен бірге Қазақстанда жерсіндірілген автомобильдердің нарықтағы үлесі 80%-ға дейін өсіп отыр. Осы фактілердің барлығы қазақстандық автодилердің алдағы уақытқа сенімін нығайтады, — деп атайды АТМО.
«Көпшілігі соңын күтіп отыр. Біздің клиенттеріміз де күтуде, мүмкін рубль арзандар, онда баға да қалпына келетін болады. Біз тек жағдайға икемделе аламыз. Клиенттер де икемделеді, біреулер жүрілген көліктерді таңдайды, шұғыл көлік сатып алғысы келетіндер — бізден алады. Сауда тоқтап қалды деп айтуға келмейді. Сауда жүріп жатыр, бірақ ол өте қиын жүруде», — деп пікір білдірді «Вираж» КТ.
«Әлемдегі саяси-экономикалық ахуалға қарамастан, нарық сауданың қалпына келгенін көрсетіп отыр. Брендтер әлі де логистикалық үдерістерді реттеу үстінде, екінші жартыжылдықта жаңа автомобильдер өндіріліп, жеткізіледі деп күтудеміз», — деп пікір білдірді «Allur» КТ.
«Бірінші жартыжылдыққа қарағанда екінші жартыжылдық әлдеқайда табысты болады. Оған дистрибьютерлердің қабылдап жатқан қарсы шаралары көмектеседі. Өте оптимистік жоспарымыз бар», — деген пікір айтты «Terra Motors» ТК.
«Барлық қиындықтарға қарамастан, 2022 жылы Hyundai Trans Kazakhstan зауыты толық қуатына көшіп, автомобиль өндірісін одан әрі арттырып, модельдер қатарын кеңейтіп жатыр. «Астана Моторс» құрамындағы кейбір дистрибьюторларымыз жаңа логистикалық бағдарларды қарастыруда, өйткені жекелеген автомобиль брендтері РФ арқылы транзитпен автомобиль тасымалдауды доғарды. Осыған байланысты Қазақстанға автомобиль жеткізуде қиындықтар туындап отыр», — деп өз пікірін білдірді «Астана Моторс» ҚМК
Қорыта келгенде, АТМО-ның алдын ала бағалаулары бойынша, саудадағы қазіргі динамика сақталып және логистика жұмысы реттелетін болса, нарық былтырғы деңгейге тағы 10% өсім көрсететін болады. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Қазақстанда 117 мың 950 жаңа жеңіл және 1056 коммерциялық автомобиль сатылған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 25,9%-ға жоғары. Сонымен қатар ҚР Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығының сарапшылары болжамның орындалу ықтималдығы елдегі макроэкономикалық жағдайға және құрамдастар мен техниканы тұрақты жеткізілуіне байланысты болады деп атады.
Егор Васильев, корреспондент
25.08.2022, 13:54