Меню CARMA.KZ

Қазақстанда көлеңкелі жолмен әкелінген көліктерді ұстау басталды

Қазіргі таңда кедендік тазалаудан өтпеген осындай көліктерді есепке қоюға 600 рет әкеттенгендері белгілі болып отыр.

Қазақстанда көлеңкелі жолмен әкелінген көліктерді ұстау басталды / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстанда көлеңкелі жолмен әкелінген көліктерді ұстау басталды / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Грузия мен Әзербайжаннан әкеліп, кедендік баж салығын төлемей есепке қоюға тырысатын автокөліктер санының артуына байланысты фискалды органдар ІІМ бірлесіп осындай көліктерді анықтап жатыр, деп хабарлайды Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

«Қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті автокөлік құралдарын кедендік төлемдер мен салықтарды төлемей, сондай-ақ кедендік декларациясыз мемлекеттік есепке қоюдың 603 фактісін анықтады. Кедендік тазалаудан өтпеген автомобильді есепке қою фактілері бойынша материалдар жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылды», — делінеді ведомствоның таратқан ақпаратында.

Аймақтық мемлекеттік кірістер департаментінің деректері бойынша, соңғы уақытта шетелден мұндай көліктерді тасымалдаудың құйтұрқы тәсілі тарала бастады. Атап айтқанда, біздің еліміздің азаматы басқа елден көлік таңдайды, осыдан соң көлікті Қазақстанға жеткізіп береді де, оны уақытша әкелу ережесі бойынша рәсімдейді. Тіпті алыпсатардың қолында тапсырыс берушінің атына көлікті басқаруға жоғары аталған елдерде рәсімделген нотариалдық сенімхат та бар болады. Осыдан соң автомобильді жеткізіп беруші шетелдік Қазақстаннан кетіп отырады. Мемлекеттік кірістер департаментінің ақпараты бойынша, елімізде осындай тәсілмен жеткізілген 100-ден астам автомашина ұсталған.

«Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті шетелдік азаматтардың жеңіл автомобильдерді уақытша жүруге әкелген кезінде оларды тек шетелдік азаматтардың өздері басқаратын жағдайда ғана кедендік төлемдер төленбейтінін ескертеді. Қазақстан азаматтары уақытша әкелінген мұндай көлік құралдарын кедендік тазалаудан өткізіп, сәйкесінше тиісті кедендік баж бен салықты төлегеннен кейін ғана сатып алып, Қазақстан аумағында пайдалана алады, — делінген таратылған хабарламада.

Сондай-ақ фискалды қызмет ЕАЭО мен ҚР-ның кедендік заңнамасына сәйкес, шетелдік азаматтардан шетелдік көліктерді кедендік тазалаусыз және кедендік баж төлемей сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтарына кедендік төлемді төлеу бойынша бірдей жауапкершілік жүктелетінін еске салады.

«Осылайша, анықталған фактілер бойынша кедендік баждар шетелдік азаматтармен қатар, Қазақстан азаматтарынан да өндіріледі», — деп ақпаратта атап өтілген. — Сонымен қатар департамент ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне аталған автокөліктердің тіркеуін жарамсыз деп тануды және оларды ЕАЭО-ның кедендік аумағында пайдалануға тыйым салуды сұрап, бастама көтерді».

Қазақстан аумағында осы елдің азаматтары пайдаланып жүрген кедендік рәсімдеуден өтпеген шетелдік автомобильдер «ҚР Кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 52 бөліміне сәйкес ұсталып, уақытша сақтау коймасының кедендік бақылау аймағына қойылады. Кедендік баж төленбеген немесе көлікті ұсталғаннан кейін бір ай ішінде елден кері әкетпеген жағдайда, мұндай автомобильдер саудаға шығарылып, саудадан түскен ақшалай қаражат ел қазына аударылатын болады.

«Қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша МКД мен Полиция департаментінің бірлескен шараларының нәтижесінде Грузияның тіркеу нөмірімен Қазақстан азаматтары пайдаланып жүрген бірнеше автомобиль ұсталып, уақытша сақтау қоймасына жеткізілді. Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр. Жағымсыз құқықтық салдарды болдырмау үшін, Қазақстан азаматтарынан шетелден әкелген жеңіл көліктерді сатып алмас бұрын оның кедендік тазалаудан өткеніне көз жеткізуді сұраймыз», — дейді МКД қызметкерлері.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
22.08.2022, 10:29