Меню CARMA.KZ

Қазақстанда HAVAL Dargo-ға алдын ала тапсырыс қабылдау басталды

Тапсырыстың алғашқы легі тамыздың соңында келеді.

Қазақстанда HAVAL Dargo-ға алдын ала тапсырыс қабылдау басталды / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстанда HAVAL Dargo-ға алдын ала тапсырыс қабылдау басталды / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

«Астана Моторс» Қазақстанда HAVAL Dargo-ны алдын ала сатуды бастағанын жариялады. Автомобильдердің алғашқы легі 2022 жылғы тамыздың соңында келеді.

Comfort жиынтығы 14,8 млн теңге тұратын болады. Elite — 16,3 млн теңге, Top — 18,8 млн теңге. Автомобильдің қазақстандық нарық үшін жаңа моделінің ресми дистрибьютері — Haval Motor Kazakhstan.

Haval Dargo турбиналы қысым көтергішпен, 192 ат күшіне тең 2-литрлік бензин қозғалтқышымен және 7-сатылы 7DCT роботты беріліс қорабымен жарақтанған. Модель 2 нұсқада — алдыңғы және артқы жетекпен ұсынылады.

Естеріңізге сала кетейік, HAVAL автомобилдерін өндіретін кәсіпорын Қытайдың өзінде, сонымен қатар Ресейде де (Тула) бар. «Астана Моторс» CARMA.KZ редакциясына HAVAL Dargo-ның тікелей Қытайдан жеткізілетінін айтты.

Қытайдан жеткізілетін көліктердің арасында HAVAL автомобильдеріне Қазақстанда сұраныс жоғары. 2022 жылдың қаңтары мен маусымы аралығында отандық нарықта 499 көлік сатылған. Салыстыру үшін алар болсақ, былтырғы сәйкес кезеңде бұл көрсеткіш 361 автомобильді құрады.

Қазір Қазақстанда HAVAL-дың модельдерінен Jolion (бағасы 12,99 млн теңгеден), F7 (13,49 млн теңгеден), F7x (от 13,89 млн теңгеден) және H9 (от 18,99 млн теңгеден) бар.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
10.08.2022, 08:15