Меню CARMA.KZ

Қазақстан нарығына қытайлық BESTUNE T77 кроссоверлері шықты

Қазақстанға China First Automotive Group Corporation-ның автомобильдерін «Вираж» компаниялар тобы жеткізеді.

Қазақстан нарығына қытайлық BESTUNE T77 кроссоверлері шықты / Фото: FAW
Қазақстан нарығына қытайлық BESTUNE T77 кроссоверлері шықты / Фото: FAW

«Вираж» компаниялар тобы Қазақстанға қала тұрмысына арналған жайлы BESTUNE T77 жаңа форматтағы кроссоверлерін жеткізу жөнінде қытайлық FAW корпорациясымен дистрибьюторлық келісімге қол қойды, деп хабарлайды virazh.kz сайты.

«Вираж» компаниялар тобының бас директоры Ермек Ескергеновтың айтуынша, келісім ішкі нарықты орташанарықтық бағадан төмен және «баға-сапа» арақатынасы бойынша сегментті жақсы баға ұсынысы ретінде толтыра алатын шағын кроссоверлер жеткізуді қарастырады. BESTUNE T77-нің бағасы бүгінде Қазақстан нарығында 11 млн 990 мың теңгеден басталады. Салыстырып қарасақ, оңтүстіккореялық брендтердің бағалары 12 890 мың теңгеден басталады, оның үстіне, «Вираж» КТ өкілдерінің айтуынша, оңтүстіккореялық баламалары BESTUNE T77-ден жиынтық жағынан да, техникалық жарақтану жағынан да жұпынылау.

«Қымбат сападағы кроссоверлерді әркімнің қалтасы көтере алмайды, және қазақстандықтар арасында көліктің осы санатына сұраныс жоғары екенін ескеріп, біз қытайлық FAW корпорациясымен бірлесіп клиенттеріміздің жайлы автомобиль сатып алу мәселесін шешкелі отырмыз. Қала тұрмысына арналған BESTUNE T77 кроссоверлерінің жаңа буыны еліміздің нарығына келіп те үлгерді. Қазақстандықтарға бұл кроссовер дәл осыған ұқсас техникалық сипаттамадағы шетелдік көлікпен салыстырғанда біршама арзанға түседі», — дейді Ескергенов.

BESTUNE — қала мен дала жолдарына арналған кроссовер. Модель алғаш рет 2018 жылы сәуірде Бейжіңдегі халықаралық автосалонда таныстырылып, қытай нарығында сол жылдың қарашасында сатыла бастады. Автомобиль панорамалық төбе, қозғалтқышты іске қосу батырмасы, климат-бақылау жүйесі, интеллектуалды опция, құралдар панелі және мультимедиамен жабдықталған. Кроссовердің ұзындығы 453 метр, ені — 1,89 метр, биіктігі — 1,72 метр, дөңгелек базасы — 2,68 метр. Модель бесорындық салон мен көлемі 375 л (артқы креслодарды жатқызғанда — 1525 л дейін) жүк бөлімінен тұрады. Автомобиль жылдамдығын 9,7 секундта жүзге дейін үдете алады, бұл өзі секілділер арасында өте жақсы көрсеткіш болып табылады.

Бұл көрсеткішті турбиналы қысымды көтерумен жарақтанған және 160 ат күші бар, сондай-ақ минутына 1500 айналым жасайтын айналу сәті 258 Нм болатын 1,5 литрлік бензинді қозғалтқыш қамтамасыз етеді. Сонымен бірге BESTUNE T77 әрі үнемді: 100 шақырымға аралас жүргізу циклында 7-10 литр отын шығындайды. Кроссовердің максималды жылдамдығы — 181 шақ/сағат. Автомобильдің басты ерекшелігі — бірқатар қозғалыстардың ауысуы туралы, ықтимал соқтығысу туралы ескертетін жүйесі, және алты қауіпсіздік жастығы бар. Сондай-ақ, жарықты кең етіп түсіретін жарықдиодты оптикамен жарақтандырылған, автомобильдің теңшеулерінің көбін мультимедиалық жүйенің сенсорлық дисплейімен басқаруға болады.

Кроссовердің EasyConnection — смартфон экранын автомобиль экранында қайталау, 6 динамикалы аудиожүйе, мобильді қондырғыларды қосу үшін Bluetooth (Android, iOS-пен) секілді алуан түрлі опциялары бар.

Қазақстанда қазіргі таңда BESTUNE LUXURY DCT және PRESTIGE DCT жиынтықтарында ұсынылып отыр. Модель әзірге тек алдыңғы жетекті болып келеді. Бүгінгі күні кроссоверлерді Алматы мен Шымкенттегі дилерлік орталықтардан сатып алуға болады, ал қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтан, Өскемен және Қарағанды қалаларындағы «Вираж» КТ дилерлік желілеріне жеткізіледі.

Қазақстанда FAW өкілдігі 2003 жылы «Вираж» компаниялар тобының құрамында ашылды. Компания бастапқыда Қазақстанда коммерциялық көлікті сатумен айналысып, 2014 жылы алғаш рет елімізде FAW маркасының жеңіл автомобильдерін сатуды бастады.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
27.08.2022, 13:33