Меню CARMA.KZ

Нұр-Сұлтанда автомобильдердің қоршаған ортаға зиянсыздығы тексерілді

Көліктердің 10%-ға жуығы қоршаған ортаға зиянды заттарды шектен тыс бөлетіні анықталды.

Нұр-Сұлтанда автомобильдердің қоршаған ортаға зиянсыздығы тексерілді / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Нұр-Сұлтанда автомобильдердің қоршаған ортаға зиянсыздығы тексерілді / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Нұр-Сұлтанда автомобильдердің пайдаланылған газды бөлулеріне 2,7 мыңнан астам өлшем жүргізді. Оның барысында 260 көліктің белгіленген нормадан асыратындығы анықталды, бұл барлық тексерілген автомобильдердің 9,9%-ын құрайды.

Қала билігі Нұр-Сұлтанда ауаның ластануына басты себепші дәл осы бөлінетін газдар екенін және адамдардың денсаулығына әсер етіп жатқанын айтады.

Бөлінетін газдардың деңгейін тексеру «Нұр-Сұлтан қаласы аумағында автокөлік құралдарын экологиялық мониторингілеу» жобасы аясында жүргізілгенін айта кетейік.

«Жобаның қорытындысы бойынша алынған талдаулардың деректері қаланың атмосфералық ауасына және оның тұрғындарына автокөліктің зиянды әсерін төмендетуге бағытталған басқарушылық шешім қабылдауға ықпал ететін болады», — деп мәлім етті Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде.

Көліктерден бөлінетін газдың құрамы қозғалтқыштың типіне байланысты (дизель немесе бензин) болады, бірақ негізгі құрамы бұрынғысынша қала береді.

Қоршаған ортаға көміртегі (СО), азот (NО) оксидтері, күкіртті газ (SО2), альдегидтер, күйе (С), қорғасын (Pb) және басқа да заттар бөлінеді.

2022 жылдың соңына дейін елордада 25 мың автомобильді тексеру жоспарланған.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
05.08.2022, 10:02