Меню CARMA.KZ

Моңғолия Toyota-дан батареяларды кәдеге жаратуды өтінді

Моңғолия үкіметінің вице-премьері Сайнбуянгийн Амарсайхан гибрид автомобильдердің батареяларын кәдеге жарату мәселесін көтерді.

Моңғолия Toyota-дан батареяларды кәдеге жаратуды өтінді / Фото: auto.today
Моңғолия Toyota-дан батареяларды кәдеге жаратуды өтінді / Фото: auto.today

«Қазіргі таңда елімізде мұндай қоқыс түрін кәдеге жаратуға және қайта өңдеуге мүмкіндік те, жағдай да жоқ. Сондықтан Моңғолияға гибрид автомобильдер мен электромобильдерді негізгі жеткізуші болып отырған Toyota Motors корпорациясы үшін өзінің әлеуметтік жауапкершілік аясында қызмет мерзімі аяқталған батареяларды қайта өңдеуге және олардың теріс әсерін азайтуға назар аударатын уақыт келді деп ойлаймын», — деп мәлімдеді Сайнбуянгийн Амарсайхан Ұлан-Баторда Toyota Sales Mongolia өкілдігінің директоры Ясуо Оучимен кездесуде.

Жапония жыл сайын Моңғолияға жалпы сомасы шамамен 300 млн долларды (38,1 млрд теңге) құрайтын 80 мыңдай автомобиль экспорттайды, деп жазады «МОНЦАМЭ» басылымы.  

Сайнбуянгийн Амарсайхан Моңғолия батареяларды кәдеге жарату мәселесіне назар аударатынын және жақын арада шетелдік компаниялардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жөнінде талаптар енгізетінін атап өтті.

Тараптар Моңғолияның қоршаған орта министрлігінің және жол-көлікті дамыту министрлігінің қатысуымен тағы бірнеше кездесу өткізуге келісті.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
22.08.2022, 09:26