Меню CARMA.KZ

Mercedes-Benz Ресейде 38 мыңнан астам автомобильді кері қайтарып алады

2004-2014 жылдары аралығында сатылған кроссоверлер мен минивэндерге тексеру жүргізілмек.

Mercedes-Benz Ресейде 38 мыңнан астам автомобильді кері қайтарып алады / Фото: Mercedes-Benz
Mercedes-Benz Ресейде 38 мыңнан астам автомобильді кері қайтарып алады / Фото: Mercedes-Benz

Немістің Mercedes-Benz компаниясы тежегіш жүйесінің істен шығу қаупіне байланысты Ресейде 2004 жылдан 2014 жыл аралығында сатылған 38 мыңнан астам автомобильді кері қайтарып алмақшы. Бұл туралы Росстандарт Техникалық реттеу және метрология федералдық агенттігі  хабарлады.

Автомобильдерді техникалық тексеруден өткізу үшін кері қайтарып алуды неміс өндірушісі өзі бастама еткен. Жүргізілетін жұмыстың жоспарын Mercedes-Benz-тің Ресей нарығындағы ресми өкілі болып табылатын «Мерседес-Бенц Рус» АҚ ұсынып отыр. Осы бағдарламаға сәйкес, 2004 жылдан  2014 жыл аралығында сатылған 38 мың 252 бірлік Mercedes-Benz GL және ML (кроссоверлер), сондай-ақ R-Class (минивэндер) автомобилі кері қайтарылады.

«Көлік құралдарын кері қайтарып алудағы себеп – белгілі бір автомобильдерде корпустың қосылған жерлерінде тоттың жайылуына байланысты тежегіштердің вакуумдық күшейткішінің жұмыс істеу қабілеті бұзылуы мүмкін. Автомобильді ұзақ уақыт бойы пайдалану салдарынан және көп көлемдегі судың әсеріне байланысты  тоттанудан тежегіштердің вакуумдық күшейткішіне су кетіп, тежелу күшін төмендетуі мүмкін», — деп түсіндіреді Росстандарт.

Бағдарламаға сәйкес, барлық көлік құралдарында тежегіштердің вакуумдық күшейткіші тексеріліп, ол қажет болған жағдайда ауыстырылады, жұмыстардың барлығы  көлік иелері үшін тегін жүргізіледі. «Мерседес-Бенц Рус» АҚ өкілдері кері қайтаруға жатқызылған автомобильдердің иелерін  жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін көлік құралын жақын маңдағы дилерлік орталыққа әкелу қажеттігі туралы ресми хатпен немесе телефон шалып хабарлайтын болады.  

Сонымен қатар Росстандарт сайтындағы тізіммен өз автомобильдерінің VIN-кодпен салыстыру арқылы көлігінің кері қайтаруға жататындығын біле алады.  Mercedes-Benz автомобильдерін Ресейде биыл осымен екінші рет  қайтарып алып жатыр. Ақпан айында ол 2018 жылдан 2021 жыл аралығында сатылған CLS, E-Class, GLC, GLE, GLS автомобильдерінің, сондай-ақ S-Class седанының 11 673 данасын қайтарып алды. Машиналар қозғалтқышты салқындату жүйесіндегі ықтимал кінәратқа  байланысты тексеруге жіберілген болатын.

Биылғы қаңтарда неміс концерні 2021 жылы сатылған жаңа буын S-Class седандарының мыңнан астамын қауіпсіздік жастығындағы ақауға байланысты тексеру қажет деп шешкен еді. Ол кезде қауіпсіздік жастығын басқару блогының бағдарламасы алдыңғы отырғыштағы жолаушыны тану датчигін белсенсіз етеді. Апат болған жағдайда аталмыш қорғау механизмі іске қосылмай, жүргізушінің жанында отырған жолаушының жарақат алу қаупі артады деп мәлімдеген.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
02.08.2022, 10:35