Меню CARMA.KZ

Мәскеуде УАЗ «Профи» базасында электрлі жүк көліктерін шығаруды бастайды

Автомобильдердің өндірісімен «Электромобили Мануфэкчуринг Рус» (ЭМР) стартапы айналысатын болады.

Мәскеуде УАЗ «Профи» базасында электрлі жүк көліктерін шығаруды бастайды / Фото: uazbuka.ru
Мәскеуде УАЗ «Профи» базасында электрлі жүк көліктерін шығаруды бастайды / Фото: uazbuka.ru

Мәскеуде жылдың соңына дейін УАЗ «Профи» автомобилі базасында EVM Pro электрлі жүк көліктерін шығару басталады, деп хабарлайды autonews.ru.

Алғашқы лекте 100 электрлі жүк көлігі шығарылады. Қазір көліктерді шығару үшін «Технополис Москва» АЭА аумағында өндірістік алаң салынып жатыр. Кәсіпорынның жоспарлы қуаттылығы жылына 1 мыңға дейін автомобиль шығару.

«Техникалық тұрғыдан қыркүйекте іске қосылады, сериялық өндірісті ресми түрде төртінші тоқсанда ашамыз. Қазір тапсырыс жасалған қондырғыларды қабылдап, оны орнатып, өндірістік желілерді құрып жатырмыз. Барлығы тізімде түрлі мақсаттағы 100 станок, оның ішінде Tesla зауыттарында қолданылатындары да бар. Қондырғылардың жартысын компаниямыздың инженерлері өздері әзірлеген, ол еуропалық баламаларынан бас тартуға мүмкіндік берді», — деп мәлімдеді «ЭМР» ЖШҚ бас директоры Ильч Рашкин.

EVM Pro жүк көлігінің сериялық өндіріске дейінгі үлгісі былтырғы қыркүйекте таныстырылды. Көлік толықтай ресейлік құрамдастардан жиналған синхронды электрлі қозғалтқышпен жабдықталған. Компания өкілдері күштік агрегаттың сипаттамасын жариялаған жоқ, десе де мотордың салмағы бар-жоғы 50 кг-ды құрайтынын атап өтті. Сондай-ақ онда автономды жылыту жүйесі, кондиционер және батареяларды жылыту функциясы болатыны мәлім.

Ал АвтоВАЗ болса LADA Granta-ның 2022 модельдік жылының коммерциялық нұсқасын қайтадан сата бастады. LADA Granta коммерциялық қатарына жүк таситын түрлі типтеріндегі 11 модель кіреді, оның ішінде ашық қораптысы, ұзартылған платформамен, 3,5-3,9 текше м. фургонмен, изотермиялық фургонмен және тоңазытқышты қондырғысы бар изотермиялық фургон түріндегісі де бар, деп хабарлайды autostat.ru

Автомобильдердің барлығында артқы рессорлық аспа қарастырылған, екі кісілік кабина және 90 ат күшіне тең қозғалтқышпен жабдықталған. Фургондардың жүккөтергіштігі модификациясына байланысты 790 келіден 915 келіге дейін барады. Базалық жиынтықтарында рульді электрлі күшейткіш, механикалық белсендірілетін ЭРА-ГЛОНАСС», алдыңғы электрлі әйнеккөтергіш пен борт компьютер бар.

«Автостат» пен «Электронды төлқұжат» АҚ дерегі бойынша, 2022 жылдың 7 айы ішінде ресей нарығында 4930 LADA коммерциялық жеңіл автомобилі сатылған — бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 48%-ға аз. Осы көрсеткіш бойынша бұл марка ресей нарығындағы коммерциялық жеңіл автокөліктер арасында төртінші орынды иеленеді.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
17.08.2022, 16:57