Меню CARMA.KZ

Коллекционер сирек Nissan Skyline-ды 2 млн долларға сатып алды

2006 жылы Жапонияда мұндай көліктің 19-ы ғана шығарылған.

Коллекционер сирек Nissan Skyline-ды 2 млн долларға сатып алды /  Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Коллекционер сирек Nissan Skyline-ды 2 млн долларға сатып алды / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

458 Destroyer лақап атын жамылған америкалық коллекционер Nissan Skyline R34 GT-R NISMO Z-Tune көлігін 2 млн долларға (952,8 млн теңге) сатып алды. Модельдің бұл модификациясы өте сирек кездеседі әрі сұранысқа ие, себебі арнайы бөлшектерінің барлығы қолмен жасалған.

NISMO компаниясының инженерлері әуелде мұндай көліктің 20-сын шығаруды жоспарлағанымен, бірақ 19-ы ғана шықты. 2 млн долларға сатылған Skyline Таиландтағы осындай 2 модельдің бірі болды, деп жазады GTspirit.com порталы.

Nissan Skyline R34 GT-R NISMO Z-Tune көлігін өндіру үшін Le Mans GT2 жарыс командасының инженерлері жұмылдырылған болатын. Автомобильде 500 ат күші бар және 3,8 секунд ішінде сағатына 100 шақырымды бағындырады. Сондай-ақ максималды жылдамдыққа дейін үдеу мүмкіндігі (сағатына 327 шақырым) да қосулы. Қозғалтқышының көлемі — 2,8 литр.

458 Destroyer-дің коллекциясы әр түрлі 50-ден астам автомобильден тұрады. Олардың арасында жапонның 90-жылдарғы көліктерімен қатар, заманауи Lexus LFA, LaFerrari, Ferrari 599 GTO, Lamborghini, сондай-ақ Пол Уокерге тиесілі болып келген Nissan Skyline R34 де бар.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
19.08.2022, 10:30