Меню CARMA.KZ

Jeep Қытайдан кетіп жатыр

Jeep маркасына иелік етуші Stellantis NV корпорациясының басшысы бұны санкциядан төнген қауіп және ҚХР билігінің бизнеске араласуымен байланысты деп түсіндірді.

Jeep Қытайдан кетіп жатыр / Фото: tvoe-avto.com
Jeep Қытайдан кетіп жатыр / Фото: tvoe-avto.com

Stellantis NV трансұлттық корпорациясы Қытайдағы Jeep жол талғамайтын көліктерін шығаратын жалғыз зауытын жапты, деп хабарлайды Bloomberg.

«Соңғы жылдары Қытайда бизнес әлеміне саяси араласу үдеп бара жатқанын байқап отырмыз. Біз жақында ғана әлемнің басқа аймақтарында өзге компаниялардың басынан өткендей, тоғыспалы санкциялар құрбаны болғымыз келмейді, деді Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында Stellantis концернінің бас директоры Карлос Таварес.

Stellantis Қытайда 2016 жылдан бері осы елдің мемлекеттік Guangzhou Automobile Group (GAC) компаниясымен бірлесіп жергілікті нарыққа арнап Jeep Compass, Cherokee және Renegade жол талғамайтын көлік модельдерін шығарып келді. Stellantis бас директоры бірлескен кәсіпорын күткендегідей керемет табыс әкелмегенін ашық айтты.

биылғы қаңтарда Stellantis NV табыстылықты арттыру мақсатында қытайлық бірлескен кәсіпорындағы үлесін 50%-дан 70%-ға арттыруға әрекеттенді, алайда GAC одан бас тартып, мұнан соң трансұлттық концернді кәсіпорыннан шығару жоспарын талқылау басталды. Жаздың ортасына қарай мәселенің қаржылық жағы да көріне бастады. Қытайлық БК жабылуына байланысты Stellantis шығыстары 297 млн еуроны құрамақшы және ол концерннің алғашқы жартыжылдыққа арналған есептілікте көрініс таппақ.

Шетелдік автомобиль өндірушілердің кейбірі ҚХР-да енгізілген автомобиль саласындағы жеңілдіктерді пайдаланып өзінің қытайлық бірлескен кәсіпорындарын өз бақылауына ала алды. Атап айтқанда BMW AG Brilliance China Automotive Holdings Ltd-мен бірлескен кәсіпорнындағы үлесін 50%-дан 70%-ға ұлғайту үшін 3,6 млрд доллар төледі. Volkswagen AG JAC Motors-пен бірлескен кәсіпорнындағы үлесін дәл осындай пропорцияда ұлғайтуға ниетті.

Таварес бұл қате стратегия деп санайды. Себебі Қытайдағы батысеуропалық және америкалық автомобиль өндірісі өнімдерінің бірінші жартыжылдықта саудасы жергілікті өндірушілердің автомобильдерінің саудасының өсуіне байланысты шамамен 20% құлдырап кеткен. Осыған байланысты Stellantis Қытайдағы өзінің орнын электрлі жол талғамайтын көліктерді импорттау арқылы сақтап қалғысы келеді.

«Батыс ойыншылары үшін Қытайда автомобиль сату күн өткен сайын күрделі болып жатқанын байқап отырмыз, қытай нарығында жергілікті өндірушілер үшін пайдалы өте түбегейлі өзгерістер орын алып жатыр, — деді Таварес. — Біздің екі ірі бәсекелесіміз бар, ол Қытайды жаулап алған Volkswagen мен General Motors, алайда мен олардың орнында болуды қаламас емес».

 

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
05.08.2022, 13:16