Меню CARMA.KZ

Hyundai мен KIA жарты жылда 200 мыңнан артық электромобиль экспорттады

Сарапшылар жылдың соңына дейін компания 400 мыңнан артық автомобиль экспорттайды деп болжайды.

Hyundai мен KIA жарты жылда 200 мыңнан артық электромобиль экспорттады / Фото: ksdk.com
Hyundai мен KIA жарты жылда 200 мыңнан артық электромобиль экспорттады / Фото: ksdk.com

2022 жылдың қаңтары мен маусымы аралығында Hyundai-KIA концерні 224,7 мың электромобиль экспорттады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,6%-ға көп. Ол кезде компания 171,5 мың электромобиль жөнелткен.

Кореяның автомобиль өндірушілері қауымдастығының деректері бойынша, Hyundai шетелге – 116,8 мың, ал KIA 107,9 мың экологиялық таза автомобиль жөнелтті. Ең көп сатылғандары Hyundai Ioniq 5 седаны (29,1 мыңы экспортқа жөнелтілді) мен Kia EV6 (28,8 мың) болды.

Қауымдастықтағылар 2022 жылдың қорытындысы бойынша концерн 400 мың электромобиль экспорттайды деп болжап отыр, деп жазады Chosunilbo.

Естеріңізге сала кетейік, Hyundai ішкі жану қозғалтқышты автомобильдерді шығарудан біртіндеп бас тартып жатыр. Компания 2035 жылға қарай толықтай электромобильдерге көшуді жоспарлауда. Осыған дейін Hyundai Асанадағы зауытында Sonata және Grandeur модельдерін өндірістен алып, желіні Ionic 6 EV өндірісіне ауыстырғаны айтылды.

Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығының дерегі бойынша, Қазақстанда алғашқы жартыжылдықта 13 мың Hyundai және 5,6 мың KIA автомобильдері сатылған. Компания отандық автонарықтың үштен бірін еншілейді, бірінші жартыжылдағы сауданың 35,7%-ы осы екі брендке тиесілі. Бұл маркадағы автомобильдердің өндірісі Қазақстанға жерсіндірілген. Hyundai-KIA электромобильдері қазақстандық нарықта әзірге ұсынылған жоқ.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
08.08.2022, 14:26