Hyundai мен KIA қосылып 1 млн экологиялық таза автомобиль сатты
Ол үшін екеуіне 13 жыл қажет болды.
2022 жылдың шілде айында Hyundai мен KIA 29,5 мың экологиялық таза автомобиль сатқан. Қазір мұндай көліктер саудасының жиынтық көлемі 1,02 млн-ды құрайды. Осынау табысқа жету үшін Hyundai Avante шыққаннан кейін 13 жыл қажет болды.
Барлығы Hyundai 556,9 мың экологиялық таза автомоибиль, оның ішінде 143,6 мың электромобиль, 24,9 мың сутекті қозғалтқышпен жұмыс істейтін автомобиль және 388,3 мың гибрид көлік сатқан. KIA 466,6 мың — 86,1 мың электромобиль және 380,5 мың гибрид сатқан.
Ең танымалы Hyundai Grandeur седанының гибрид нұсқасы болды (183,8 мыңы сатылған), деп жазады Chosunilbo басылымы.
Естеріңізге сала кетейік, Hyundai сутекті қозғалтқышпен жұмыс істейтін 27 жүк көлігін жеткізуге келісімшарт жасасқаны туралы мәлімдеді. Компания немістің жеті логистикалық компаниясына 42-тонналық XCIENT жеткізетін болды.
Hyundai әлемде алғашқы болып сутекті қозғалтқышпен жұмыс істейтін жүк көліктерін жаппай шығара бастады. 2021 жылдың басында компания Гуанчжоуда (Қытай) сутекті отын жүйесін шығаратын зауыт құрылысын бастағанын жариялады.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
16.08.2022, 14:13