Меню CARMA.KZ

GM алыпсатарларды айыппұлмен және квотамен жазаламақшы

Аса сұраныстағы автомобильдерді сатып алған соң 12 ай ішінде қайта сататындар кепілдіктен айырылады.

GM алыпсатарларды айыппұлмен және квотамен жазаламақшы/ Фото: kolesa.ru
GM алыпсатарларды айыппұлмен және квотамен жазаламақшы/ Фото: kolesa.ru

General Motors корпорациясы өзінің ресми дилерлеріне сұранысы жоғары модельдермен алыпсатарлық жасайтындарға айыппұл мен квота енгізетінін жеткізді, деп хабарлайды autoblog.com. 

General Motors жол талғамайтын Cadillac Escalade-V, Chevrolet Corvette Z06 суперкары және GMC Hummer EV электрлі пикабы секілді үш модельді сатып алып қайта сататындарға қатысты осындай шара қолданғалы отыр. GM бұған дейін де өзінің ресми дилерлері арқылы баға саясатын бақылауда ұстауға тырысқанымен, үстіне баға қосатын ресми емес делдалдарға машина сатуға тыйым сала алмады. Дей тұрғанмен, биылғы жылдың басында корпорация  кімде-кім алыпсатарлармен ауызжаласып ұсталатын болса, сол өкілдіктерге аса өтімді модельдерді жеткізуді қысқартатындығын айтып ресми дилерлерге ескерткен болатын.

Тамыздың басында-ақ GM өзінің дилерлеріне жаңа нұсқаухат жолдап, соған сәйкес, аса сұраныстағы автомобильдерді сатып алған соң 12 ай ішінде қайта сатылған жағдай орын алатын болса, аталған машинаны сатқан дилерге мүлдем жаңа техника жеткізбейтін болады. Сатып алған машинаны бір жыл пайдаланған соң қайта сататын сатып алушыларға да жағымсыз жаңалық бар: мұндай жағдайда олар зауыттық кепілдіктен айырылады. General Motors-тағылар осылайша саудадағы былықтарды жоймақшы. Мәселен, нарықта 2019 жылы пайда болған С8 буынға жататын Chevrolet Corvette бүгінде тапшы тауарға айналып отыр. Оған деген сұраныста өтеуге алдымен COVID-19 індетін кесірін тигізсе, енді микрочиптер мен жеткізу тізбегіндегі үзілістер кедергі болуда.

Алғашқы жартыжылдықта АҚШ-та 17,5 мыңға жуық Corvette сатылған. Бұл 2021 жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда 20%-ға көп. Аталмыш модель 2022 жылдың қаңтар-маусымында GM-ның суперкарлар шоғырында ең көп сатылғаны болды. Америкалық автомобиль өндірушілері өзінің автомобильдерін алыпсатарлардан қорғау үшін бұған дейін де түрлі әрекеттер жасаған. Бірақ ол кезде жеткізуді шектеу және автомобильді кепілдіктен шығару секілді қадамдарға барған жоқ. 2010 жылдардың орта шенінде Ford компаниясы GT суперкарына тапсырыс беруді арнайы сауал-квесттің көмегімен күрделендіріп, сатып алушылардан машинаны алған соң қайта сатпауға міндеттенетін қолхат алып отырды.

GM осының алдында жаңа «корветтердің» иелерін тым болмаса бір жыл ішінде көлікті қайта сатпауға ынталандыру шарасын енгізді. Мұнымен келісетін екіесікті спорткарлардың иелері  өндірушіден көлікті бір жыл өзі пайдаланғаны үшін бес мың доллардан ақша алып отыратын болады. Бірақ, ол «қолма-қол ақша» түрінде емес, My Chevrolet Rewards бейілділік бағдарламасында 500 000 мың балл түрінде ұсынылатын болады. Баллардың сомасы бес мың долларға тең, оны General Motors-тың дилерлік орталықтарында аксессуарлар, қосалқы бөлшектер сатып алуға және көрсетілген қызмет құнын төлеуге жұмсауға болады. 

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
04.08.2022, 12:56