Германияда күннен қуат алатын электрокардың сериялық нұсқасы таныстырылды
Күннен қуат алатын Sion электрлі минивэні қуаты таусылғаннан кейін де 35 шақырым аралықты жүріп өте алады.
Электромобильдер әзірлеумен айналысатын немістің Sono Motors бренді желіден және күннен қуат алатын Sion электрлі минивэнінің сериялық нұсқасын таныстырды, деп хабарлайды car.ru.
Электрлі минивэннің моделі Sion деген атауға ие болды. Оны кәдімгі электромобиль сияқты тізгіндеуге болады — 54 киловатт аккумулятордың (аккумуляторлық батарея) арқасында автомобиль бір зарядта 270 шақырымға дейін жүре алады. Sion-ның ерекшелігі — төбесіндегі, бүйіріндегі пластикалық корпус панельдеріне күннен қуат алатын элементтер орнатылған: модельде барлығы 456 осындай ұяшық бар, олар автомобильдің батареясы отырғаннан кейін күн жарқырап тұрған кезде тағы 35 шақырым жүруге мүмкіндік береді.
5 адамды тасымалдауға арналған автокөлік 163 ат күші бар үш фазалы электр қозғалтқыш қамтамасыз ететін алдыңғы жетекпен жабдықталмақшы. Осының нәтижесінде Sion бірінші жүздікке 9 секундта жетеді. Модельде 3,7 және 22 кВт айнымалы ток қуат көзінен зарядтау, сондай-ақ 50 кВт тұрақты ток нүктесінен толтыру қарастырылған. Соңғы нұсқа аккумуляторды 40 минут ішінде 80% толтыратындай етіп жасалатын болады. BiSono зарядтау жүйесі екі бағытты және Sion-нан өзге электрлі көлікті зарядтауға мүмкіндік береді.
Опция бойынша, көлікке сүйреткіш ілмек орнату көзделген. Әзірлеушілер Sion салмағы 750 келіге дейінгі тіркемені тарта алады деп мәлімдейді. Жаңа көліктің клиренсі (жолдағы жарығы) — 156 миллиметр, багаж бөлігінің көлемі — 650 литр, артқы орындықтар бүктелген кезде ол 1250 литрге дейін кеңейеді. Алдыңғы панельде екі СК-дисплей бар, олардың бірі — аспаптар тақтасы, екіншісі — 10 дюймдік мультимедиялық сенсорлық экран. Оның көмегімен Android Auto немесе Apple Carplay арқылы сыртқы заманауи құрылғыларды қосуға болады. Сондай-ақ, бұл сенсорлық экран кондиционерді қашықтан қосуға, аккумулятордың күйін тексеруге және электр көлігінің орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік береді. Sion базасы екі қауіпсіздік жастығымен, бір аймақтық климаттық бақылаумен, арнайы breSano ауа сүзу жүйесімен, жылытылатын алдыңғы орындықтармен, электр терезелерімен және артқы көрініс камерасымен жабдықталмақшы.
Жаңа электрокардың құны шамамен 25 мың 100 еуроны құрайды, электромобильдің сериялық өндірісі 2023 жылдың екінші жартысында іске қосылады деп күтілуде. Әзірлеушілердің айтуынша, жаңа көліктің автокөлік иелері жөндеу және кузов жұмыстарының басым бөлігін өз беттерімен атқара алады: Sono Motors бұл үшін арнайы нұсқаулар беруді жоспарлап отыр. Sion-ды 2019 жылы шығару жоспарланған болатын, бірақ Sono Motors қаржылық қиындықтарға тап болды, одан кейін індет кедергі келтірді. Тек осыдан соң ғана әзірлеушілер краудфандинг — Интернеттегі ерікті қайырымдылық мақсаттағы қаражатты пайдаланып Sion-ды жасауға мүмкіндік алды.
Егор Васильев, корреспондент
01.08.2022, 10:07