Меню CARMA.KZ

General Motors UzAuto-ға жылына 500 мыңға дейін көлік шығаруға көмектеседі

Америкалық компания микрочиптердің іркіліссіз жеткізілуін қамтамасыз етпек.

General Motors UzAuto-ға жылына 500 мыңға дейін көлік шығаруға көмектеседі / Фото: sof.uz
General Motors UzAuto-ға жылына 500 мыңға дейін көлік шығаруға көмектеседі / Фото: sof.uz

АҚШ-та өзбекстандық UzAuto компаниясы мен General Motors концерні арасында келіссөздер аяқталды. Тараптар Өзбекстандағы 3 зауытта 2023 жылдан бастап жылына 500 мыңға дейін автомобиль шығаруға келісті. Өндіріс көлемінің ұлғаюы автомобильге түзілген кезекті азайтуы тиіс, алайда жаңа жобаның қашан іске асатынын ресми түрде әлі мәлімдеген жоқ.

General Motors Өзбекстанда шығарылмайтын басқарушы микросхемалар мен борт электроникасын іркіліссіз жеткізуді ұйымдастыратын болады, деп жазады Podrobno.uz.порталы.

Сарапшылардың пікірінше, жылына 500 000 автомобиль шығару тым жоғары және орындалуы екіталай міндет. Әрі ол 2023 жылдың қорытындысы бойынша орындаулары тиіс.

2022 жылдың ақпанында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев алғашқы жартыжылдықта 160 мың автомобиль өндіруді, ал жылдың соңына дейін 275 мың автомобиль шығару үшін қажетті қосалқы бөлшектер мен құрамдастар жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазіргі таңда UzAuto Motors 2022 жылы Асака мен Пикнактағы зауыттарында 340 мың машина шығаруды қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
23.08.2022, 09:29