Меню CARMA.KZ

Электромобильдер нарығының тең жартысын Қытай еншілейді

Барлығы әлемде 6,8 млн автомобиль сатылған.

Электромобильдер нарығының тең жартысын Қытай еншілейді / Фото: drom.ru
Электромобильдер нарығының тең жартысын Қытай еншілейді / Фото: drom.ru

Әлем бойынша сатылған 6,8 млн автомобильдің жартысынан астамы — 3,52 млн-ны Қытайда сатылған. Одан кейінгі орында — АҚШ пен Германия — оларда электр қозғалтқышты 631,2 мың және 695,7 мың машинадан сатылған.

Қытай 2015 жылы электромобиль саудасы бойынша әлемде көш бастады. Ол кезде сатылған көліктің көлемі 238%-ға өсті, деп жазады Visualcapitalist. Ал 2021 жылы Қытайда 2020 тұтас жыл бойы әлем бойынша сатылғаннан көп электромобиль сатылған.

Талдаушылар мұны қытай нарығында жергілікті өндірістен шыққан электромобильдердің сан алуандығы мен инфрақұрылымның дамығандығында деп түсіндіреді. Сондай-ақ Аспанасты елдінде электромобильдердің орташа бағасы кәдімгі машиналардан бар болғаны 10%-ға ғана жоғары, ал бұл көрсеткіш әлемде 45-50%-ды құрайды.

Сонымен қатар бүгінде АҚШ-ты Tesla жаулай бастады. 2021 жылы компания америкалық нарықтың 50%-дан астамын еншілесе, ал 2022 жылдың І тоқсанында 75%-ға жетті.

Қытайдың өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігінің деректері бойынша, 2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында электрокарларға арналған қуаттау орындары мен аккумуляторларды ауыстыру бекеттерінің жалпы саны 1,3 млн-ға артты. Яғни 4 еседен артық өскен.

Жалпы Қытайда электромобильдерді қуаттауға арналған 3,9 млн бекет бар деп есептеледі. Былтырғы маусым айында олардың саны 2 есе аз болды, деп жазады ChinaDaily.

Талдаушылардың бағалауынша, қуаттау инфрақұрылымының осыншалық өскеніне қарамастан, ұсыныс сұранысты өтей алмай отыр. Қытайдағы қуаттау станцияларының жалпы нарығы қазіргі таңда жылына 4,5 млрд долларға бағаланады.

Қазақстанға келер болсақ, Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, елімізде барлығы 599 электромобиль бар (оның 451-і жеңіл , 141-і жүк көлігі және 7-еуі автомобиль).

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
10.08.2022, 09:10