Меню CARMA.KZ

Dodge электрокарлар нарығына шығатын ниеті бар

Stellantis NV компаниясы Hornet жол талғамайтын модельдің электрлі нұсқасын әзірлеп жатыр.

Dodge электрокарлар нарығына шығатын ниеті бар / Фото ашық дереккөзден алынды
Dodge электрокарлар нарығына шығатын ниеті бар / Фото ашық дереккөзден алынды

Stellantis NV компаниясына тиесілі Dodge бренді электрокарлар нарығына шықпақшы, деп хабарлайды Bloomberg.com.

Оның дерегі бойынша Stellantis NV АҚШ-тың автомобиль нарығының ірі сегментіне арналған әрі компанияның соңғы он жылдағы алғашқы жаңа моделі болып табылатын Dodge Hornet спорттық кроссоверден бастап барлық автомобильдерін электрлі етпекші. Ықшам кроссовердің бағасы 30 мың доллардан кем болмайды, оны биылғы жылдың соңында жеткізе бастамақ, ал алдағы жылдың көктемінен бастап нарықта Hornet-тің аралас модулі бар гибрид нұсқасы пайда болады.

Dodge былтыр Fiat Chrysler мен француздың PSA Group компаниясының бірігуі нәтижесінде пайда болған Stellantis автоөндірушісіне тиесілі 14 автомобиль брендінің бірі. Бұл брендпен бар-жоғы үш модель ғана өмірге келді. Алайда қазір өндіруші модельдер қатарын кроссоверлермен кеңейтетінін жеткізді. Бұл туралы Dodge-тың бас директоры Тим Кунискис мәлім етті. Ал электрокарларға біртіндеп ойысатын болады.

«2024 жылы ұйқыдан тұрып: «Ей, біздің жақсы жаңалығымыз бар! Біз электрге көшеміз деп айта алмаймыз», – деп мәлімдеді Кунискис өткен аптада АҚШ-тағы штаб-пәтерінде. – Мұны қалай жасайтынымызды және қандай жоспарымыз барын адамдарға көрсетуіміз керек». 

Hornet ішкі жану қозғалтқышынан электрокарға ауысатын алғашқы модель болмақ. Қазіргі таңда аралас электрлі модельді нұсқасы әзірленіп жатыр. Оның 285 ат күші және электрлі тартыммен 30 шақырым жүріс қоры болады. Кунискис Toyota RAV4, Honda CR-V және Chevy Equinox секілділер жаулап алған сегментте Hornet техникалық сипаттамасы мен стилі арқасында ерекшеленеді деп санайды.

Оның айтуынша, ықшам кроссоверлер сегментінде әдетте сатып алушылар назар аударатын «баға, құндылық және отынды үнемдеу»-дің орнына Dodge «қуат және жылдамдық» деген артықшылықты ұсынбақ. IHS Markit сарапшысы Стефан Бринклидің айтуынша, Stellantis Dodge-ды сипаттамасы жоғары бренд ретінде танымалдығын арттыру үшін электрлі етуде. Бұл жазық далаға арнап Wrangler гибридін саудалайтын Jeep-тің әдісін қайталауы деп атады.

«Олар брендті танымал етуге жақсы жұмыс істеген. Бірақ бұл оның нарықтағы үлесі өзгелерден асып кетеді деген сөз емес. Десе де тұтынушылардың оларға деген бейілі өте жоғары болмақ, және аттарын шығаруға көмектеседі», — деді ол. 

Оның пікірінше, 2024 жылы жаңа электромобиль шығарар алдында өндірісі 2023 жылдың желтоқсанында аяқталатын Challenger және Charger автомобильдерін ауыстыру Dodge үшін үлкен мәселе болмақ. Dodge бұл модельдерді бірнеше жылдар бойы Hemi V-8 қозғалтқыштарымен және 1970-ші жылдардың ретро стилімен шығарып келді, «баға-сапа» (30 мың доллардан сәл асады) арақатынасы оларды бағасы 60 000 доллардан 100 000 долларға дейін баратын Demon, Redeye, Hellcat және Jailbreak сияқты модельдерге қарағанда жаппай тұтынушыға қолжетімді етіп келді.

«Бұлар сауын сиырлар, — деп атады LMC Automotive консалтинг компаниясының америкалық зерттеу бөлімшесінің президенті Джефф Шустер Challenger мен Charger-ді. — Маржасы өте жоғары, өйткені модельдерге платформалар мен әзірлемелерге соншалық бас қатырмаған».

Дей тұрғанмен жаңғырту жасалмағандықтан Dodge модельдерінің отын үнемдеу мүмкіндіктері нашар: 2020 жылы Stellantis-тің автомобиль паркі АҚШ-та осы көрсеткіш бойынша соңғы орында тұрды. Улы заттардың бөліну нормасының қатаңдауы, сондай-ақ АҚШ-та отын бағасының өсуі Dodge-ты электрокарлар сегментіне ойысуға мәжбүр етті.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
19.08.2022, 12:16