BYD автомобильдерінің саудасы рекордтық деңгейге жетті
Қытайлық BYD Co. электромобиль шығарушы компаниясы жаңа энергия көздерімен жұмыс істейтін автомобильдерінің саудасын үш есеге арттырып, шілдеде бәсекелестерінен басып озды.
Bloomberg-тің деректері бойынша, компанияның саудасы шілдеде 162 530 автомобильді құрады. Былтырғы шілдеде 50 492 автомобиль сатылған. Сонымен қатар BYD жақын айларда Германия, Швеция мен Израильде өзінің электромобильдерін саудалауды бастау туралы келісімге қол қойды.
Талдаушылар BYD биыл 1,5 миллион автомобиль сатады деп болжайды, ол 2021 жылмен салыстырғанда екі есе көп, өйткені клиенттердің қатары барған сайын таза автомобильдерге ойысып жатыр.
Штаб-пәтері Шэньчжэнде орналасқан BYD биылғы жылдың басында тек қана қазба отынмен жұмыс істейтін автомобиль өндірісін тоқтатқандықтан бұдан былай енді таза электромобиль немесе гибрид көліктер сататын болады.
Компания Шанхайдағы карантинге байланысты туындаған жеткізу тізбегіндегі іркілістерді жоя алды, және шілдеде алғашқы жартылдықта таза кіріс 207%-ға, 3,6 млрд юаньға (533 млн доллар) дейін өседі деп мәлімдеді.
Вадим Григорьев, журналист
06.08.2022, 18:10