Британияда ұсталған автомобильдің саудасы 18%-ға төмендеді
Британдықтардың көпшілігі әдеттегі ішкі жану қозғалтқышы бар шағынлитражды автомобильдерді қалайды.
2022 жылдың екінші тоқсанында Ұлыбританияның ұсталған автомобильдерінің қайтара сатылымы былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 18,8%-ға төмендеді, деп хабарлайды осы елдің автомобиль өндірушілері мен сатушылары қоғамы (SMMT).
SMMT деректеріне сәйкес, биылғы сәуір-маусымда Ұлыбританияда ұсталған автомобильдерді сату-сатып алу бойынша 1 млн 759 мың 684 мәміле жасалған. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 407 мың 820 мәмілеге аз. Қоғамдағылар 2021 жылдың сәуір-мамырындағы көрсеткіштердің объективті көтеріліп отырғанын айтады. Себебі ол кезеңде Ұлыбритания індетке қарсы шектеулер режимінен шығып жатқан кезде жаппай кейінге қалдырылған сұраныстар өтеліп, сол себепті 2021 жылдың екінші тоқсаны қайталама нарықта сатылған автомобильдер саны жағынан алғанда өте қарбалас кезең болды.
Дей тұрғанмен сатып алушылардың белсенділігіне әсер еткен тағы басқа да себептер бар: соның бірі, SMMT сарапшыларының уәжі бойынша, жартылай өткізгіштердің жетіспеушілігінен жаңа автомобильдер шығарудың төмендеуі. Британияның жаңа автомобильдер саудасы нарығында әр ай сайын төмендеу болып отырған, оның ішінде сәуір, мамыр мен маусымда сәйкесінше 16,8%, 20,9% және 18,6%-ға құлдыраған. Осының салдарынан жаңа автомобильдер нарығы 2021 жылмен салыстырғанда жыл басынан бері 8,3%-ға және індетке дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда 12,8%-ға төмендеп, ол өз кезегінде британдық «сэконд хенд» автомобиль нарығын толықтыруды баяулатқан.
«Жаңа автомобильдер ұсынысының азаюы ұсталған автомобильдер нарығына әсер ететіні сөзсіз еді, — деп атап өтті SMMT атқарушы директоры Майк Хоуз. — Бірақ осыған қарамастан, ұсталған автомобильдерді сатып алушы британдықтардың ынтасы қоршаған ортаға зиянсыз жаңа автомобильдерге қарай ойысып барады. Сондықтан бізге сұранысты өтеу үшін гүлденген жаңа автомобильдер нарығы қажет. Келесі премьер-министр тұтынушылардың электромобильдерге сенімін арттыру үшін, көміртегінен арылу бойынша мақсатымызға жету үшін, автопаркті жаңартуды ынталандыруға жағдай жасауы тиіс».
Әйтсе де аккумуляторлы электромобильдердің (BEV) саудасы британ үкіметі тарапынан ешқандай ынталандырсыз-ақ екінші тоқсанда 57,1%-ға өсіп, нарықтағы үлесін 1%-ға жеткізе отырып, 16 мың 782 бірлікті құрады. Сонымен қатар гибридтер (HEV) саудасының үлесі 4%-ға төмендеп, қазір олар нарықтағы барлық сауданың 2,4%-ын құрайды. Бензинді және дизельді қозғалтқышы бар ұсталған автомобильдер сауда нарығында бәрібір басымдыққа ие: 1 млн 682 280 бірлік, бұл қайталама нарықтағы барлық сауда көлемінің 95,6%-ын құрайды.
Сонымен бірге қайтала нарықта Ford Fiesta шағын литражы сұраныста болып отыр. Ford Motor компаниясы шығаратын бұл шағын автомобильді екінші тоқсанында қайталама нарықта 71 429 сатып алушы алған, екінші орында – General Motors 1982 жылдан бері шығарып келе жатқан немістің өте кішкентай көлігі – Opel Corsa. Ұлыбританияда Vauxhall маркасымен шығарылатын оның 57 306-сы сатылған. Сұраныстағы үштіктің соңғысы — немістің шағын литражды Volkswagen Golf-ының 54 268-і сатылған. SMMT атап көрсеткендей, қайталама нарықта қара түсті автомобильдерге сұраныс жоғары болған, оларға сауданың әрбір бесіншісі (21,5% немесе 378,8 мың) тиесілі. Одан кейінгісі — сұр түс (286 мың). Ал ақшыл қызыл түске қызығатындар тым аз болған — бар болғаны 1135 бірлік.
Егор Васильев, корреспондент
10.08.2022, 14:39