BMW орындықтың жылытқышына ақылы жазылудан бас тартпақ емес
Неміс концерні осы қызметті автомобиль иелеріне тек Оңтүстік Кореяда ғана тегін көрсетуге мәжбүр болып отыр.
Немістің BMW автоконцерні компанияның ықтимал және қазіргі клиенттерінің алдыңғы орындықтардың жылытқышы да кіретін қосымша ақылы пакетті сату стратегиясына жағымсыз көзқарасына қарамастан, сондай-ақ хакерлердің ақылы жазылуды бұзу қаупі бола тұрса да осы идеясынан бас тартатын ойы жоқ деп жазады Bloomberg.
Биылғы шілдеде BMW басшылығы бірқатар опцияға қосымша ақы төлеу қажеттігі туралы жариялады. Олардың қатарына рөл дөңгелегінің, алдыңғы креслолардың жылытқыштары және жол камералары туралы хабарлау жатады. Егер аталған функциялар базалық жиынтыққа кірмеген болса қосымша ақы төлеу қажеттігі айтылды. Алайда Оңтүстік Кореядағы компанияның деректер базасында орындықтардың жылытқышы жаңа BMW үшін стандартты болып табылады, сондықтан ол бұғатын ақылы ашуды талап етпейді деп көрсетілген қателіктердің соңы осы елдегі автомобиль иелерінің дауына ұласты. Яғни оларды бір опцияға екі мәрте ақы төлеуді сұраған болып шығады.
Компания өзінің деректер базасындағы қателіктерді түзетіп, оңтүстіккореялық автомобиль иелерінен кешірім сұрады. Сондай-ақ өздерінің BMW сатып алған кезде орындықтың жылытқышы үшін ақы төлеген өзге нарықтардағы сатып алушыларына тағы ақы төлеудің қажеті жоқ екенін жеткізді. Алайда, Bloomberg-тың жазуынша, неміс автоконцерні өзінің автомобильдеріне қондырылған аппараттық қамтамасыз етумен жұмыс істейтін белгілі бір қызметтерді уақытша белгілі бір ақыға ұсыну стратегиясын әлі де ұстана бермекші.
Мысалы, Ұлыбританияда машинаны сатып алған кезде алдыңғы орындықтардың жылытқышы үшін ақы төлемеген автомобиль иелері айына 15 фунт стерлинг ($18), жылына 150 фунт стерлинг ($180) немесе үш жылға 250 фунт стерлинг ($302) төлеп, аталмыш функциямен пайданала алады. Бұл бағдарламада орындықтардың жылытқышын белгісіз мерзімге дейін орнату 350 фунт немесе 423 доллар тұрады. Осы бағдарламаның қызметін пайдаланатындар үшін автомобильдер зауыттың өзінде-ақ барлық қажетті құрамдастармен жарақтандырылады, алайда бағдарламадағы бұғатты ашу үшін ақы төлеу қажет.
«BMW-дағылар мұндай қызметтер жақсы кіріс көзіне айналады, және осы онжылдықта аталған ұсыныстарды сату арқылы сауда көлемі 5 миллиард еуроны құрайтын болады деп санайды», — деп жазды Bloomberg.
Аталмыш ұсыныстарды клиенттеріне өзге де өндірушілер жасап жатыр. Атап айтқанда Tesla бірнеше жыл бұрын шығарған автомобильдеріне арналған бағдарламалық қамтамасыз етулерді сымсыз жаңартудан қосымша табыс табуға ниетті болса, Stellantis онжылдықтың соңына қарай өзінің автомобильдерінде бағдарламалық функцияларды пайдаланудан 20 миллиард еуро көлемінде қосымша кіріс табуға көздейді, сол сияқты Volkswagen де осындай жоспар құрып жатыр.
BMW өзінің микротранзакция стратегиясының әрі икемді екенін айтады. Мысалы аталмыш маркадағы автомобиль иелері жылыту функциясын тек қыста немесе алғаш сатып алған кезде осындай функция қосылмаған ұсталған BMW-ны жаңалау кезінде ғана қосуына болады. Жүргізушілер уақытша немесе тұрақты пайдалануға сатып алмас бұрын ұсынысты ConnectedDrive дүкенінде сынап көруіне мүмкіндік бар. Автоконцерн болашақта клиенттердің қосымша функцияларды ай сайын емес, бір реттік сапарға сатып алу жағын қарастырмақшы. BMW-дағылар жазылу бойынша ұсынылатын опциялар тек BMW iX, жаңа BMW 7-Series, BMW X1 және BMW X7 секілді жаңа архитектуралы BMW OS 8 операциялық жүйесі бар автомобильдерге ғана қатысты екенін атап өтті.
Дей тұрғанмен, шілденің соңында BMW иелеріне хакерлер опцияға компания енгізген ақылы жазылуды бұзуға уәде етті, деп хабарлайды autonews.ru. Атап айтқанда, Bimmer Tech қауымдастығында көлік иелері аздаған сыйақы төлейтін болса осы қызметті көрсетуге дайынбыз деді. Сондай-ақ бағдарламашылар автомобильдерге штаттық қарастырылмаған шамдар мен әйнек тазалағыштардың автоматты қосылуы, бейімделген круиз-бақылау секілді қосымша фунцияларды қосу үшін машиналардың бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін бұза алатынын жеткізді.
Бұған дейін BMW-ның бағдарламасын бұзушылар өндірушінің қымбат модельдері үшін бағдарламалық жасақтаманы түрлендірумен айналысып келді, енді олар өндірушінің «қарапайым» модельдерін де қолға алғалы отыр. Әйтсе де бұғатты заңсыз жолмен шешу ресми сервиске жүгінген кезде көлік иелеріне мәселе туындататын болады. Мұндай жағдайда автомобильді кепілдіктен шығарып немесе тіпті сатып алу кезінде белгілі бір опцияларды қосу үшін ақы төлеуге дайын екені, ал оларды тек BMW-ның рұқсатымен ғана белсенді етуге болатыны туралы келісімге қол қойған болса көлік иесін сотқа беруі де мүмкін.
Егор Васильев, корреспондент
11.08.2022, 08:20