Audi 2018-2021 жылдары шыққан 50 мың кроссоверді нарықтан кері қайтарып алады
Q8 және Q7 модельдері машиналарының отын сорғысы істен шығу қаупіне байланысты кері қайтарылады.
Volkswagen Group құрамына кіретін немістің Audi AG автомобиль жасаушы компаниясы биылғы қыркүйектің орта шенінен бастап 49 443 мың Q8 және Q7 кроссоверлерін отын жүйесін қайтадан жабдықтау үшін кері қайтарып алады, деп хабарлайды carscoops.com. ресурсы.
Нақтысы — V6 қозғалтқыштарымен жарақтандырылған Q8 және Q7 автомобильдері қайтарылады. 2018 жылғы 8 тамыз бен 2021 жылғы 29 қаңтар аралығында шығарылған Q8 моделінің 412 бірлігі, сондай-ақ 2019 жылғы 24 қазан мен 2021 жылғы 29 қаңтар аралығында шығарылған Q7 моделінің 031 бірлігінен кінәрат шықты. Толықкөлемді (Q7) және спорттық (Q8) кроссоверлері отын беретін жүйедегі ықтимал ақауға байланысты кері қайтарылғалы жатыр. Аталған ақау автомобильдің қуаттылығын жоғалтып, осының салдарынан жылдамдықтың күрт төмендеуінен жолда апатты жағдайға алып келуі мүмкін.
Басылымның дерегіне сүйенсек, автоөндірушінің топшылауынша, жоғарыда аталып кеткен кезеңде шығарылған бұл модельдер автомобильдерінің бензобактағы отын беру модулінің құрамдасы қозғалыс кезінде бұзылуы мүмкін. Ол қысымды реттегіште тығыздаушы мембранада жарықшақтар туындатып, зақымдауы ықтималл. Жүргізушіге бұл туралы «Бөлінетін заттарды бақылау жүйесі» индикаторының жануы арқылы ескертілуі тиіс, алайда құрал жүріп келе жатқанда істен шығуы мүмкін болғандықтан, өндіруші ақауды алдын ала жоюды шешіп отыр.
Audi осы мәселеге байланысты орын алған апаттар мен жарақаттар туралы әзірге ештеңе білмейтіндіктерін айтады, алайда 2018-2021 жылдары шыққан Q7-де және Q8-де қуаттылық күрт төмендеп кететіндігіне қатысты компанияға қазірдің өзінде 74 кепілдік шағым келіп түскен. Ақаудың туындауына алып келетін факторлардың барлығы бірдей әлі күнге анықталмағанын неміс компаниясының сарапшылары мойындайды, бірақ басты себеп отын жүйесіндегі қысымның түсіп кетуінен деп атады.
Осыған байланысты өндіруші жаппай диагностикалау жүргізіп және қажет болған жағдайда биылғы күзден бастап аталған модельдердің кроссоверлерін отын жүйесімен қайта жабдықтамақшы. Компанияның мәлімдеуінше, аталмыш машиналардың иелеріне 16 қыркүйектен бастап ресми хат жолданады. Audi бұл ақау қайтарып алынған автомобильдердің тек 2%-ынан ғана табылады деп отыр. Компания Q7 және Q8 кроссоверлерін нарықтан биыл осымен екінші рет қайтарып алып отыр. Наурыз айында «Фольксваген Груп Рус» компаниясы 1226 бірлік Audi A4, A5, A6, A8, Q5, Q7 және Q8 автомобильдерін дөңгелектердің орнату бұрышын тексеруі үшін қайтарып алатындығын жариялаған болатын.
Сәуірдің басында «Фольксваген Груп Рус» 2021-2022 жылдар аралығында сатылған Audi A4, A5, A6, A7, A8, e-tron, Q7, Q8, RS, RS6, SQ7 және SQ8 автомобильдерінің тағы 1260 бірлігін кері қайтарып алатындығын мәлімдеді. Ресми мәлімдемеге сәйкес, бұл автомобильдерде өндіріс процесіндегі ауытқуға байланысты тасымалдау режимі толықтай ажыратылмаған болуы мүмкін. 2020 жылдың наурызында Росстандарт ресей нарығындағы 2019 жылғы ақпан мен тұтас 2020 жылы шығарылған Audi 246 Q7 және Q8 автомобилін кері қайтарып алатындығы туралы құлағдар еткен. Ол кезде қымбат кроссоверлер алдыңғы орындықтың арқалығында орындықтың беріктігін бұза қоймайтын жарықшақ пайда болуы ықтимал еді, алайда бұл жарықшақтар өткір ұштармен жанасқан кезде орындықтағы сымдардың резеңкелері зақымданып, жылыту және салқындату қызметін бұзатын еді.
Егор Васильев, корреспондент
01.08.2022, 08:30