Ақмола облысының мектептері 50 автобус сатып алды
Көкшетауда 15 мектеп автобусы салтанатты түрде табысталды.
Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақмола облысының Білім басқармасы 50 мектеп автобусын сатып алды. Автобустар қаладағы «Болашақ сарайы» алаңында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен салтанатпен табысталды. Жергілікті Білім басқармасы автобустардың алғашқы легін (15 автобус) алды, жақын арада тағы 50 автобус әкелінбекші.
Бұл Yutong ZK 6745DX және Golden Dragon XML 6101J15 маркалы автобустар. Олар төртнүктелі қауіпсіздік белдігімен, ерекше сұранысы бар жолаушылардың мініп-түсуіне арналған пандуспен, жолаушыларға хабарлау және жылдамдықты азайту жүйелерімен жабдықталған. Сондай-ақ балаларды қауіпсіз тасымалдаудың барлық талаптарына сай келеді.
«Балалар автобустарын сатып алуды «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның автобус паркін жаңарту жөніндегі лизингтік бағдарламасы аясында қаржыландырдық. Аталған бағдарламаның арқасында биылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірлеріне 515 автобус беріледі», — деп мәлім етті Өнеркәсіпті дамыту қорындағылар.
Қор өкілдері мектеп автобустары паркін жаңарту жобасы Қазақстанның білім министрлігімен бірлесіп, Балалар жылына арналған іс-шаралар аясында атқарылып жатқанын атап өтті.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
26.08.2022, 08:20