Меню CARMA.KZ

2022 жылдың ІІ тоқсанында ресейлік автомобиль импортының 80%-ын Қытай қамтыды

Ресейге жаңа автомобильдер өте аз импортталып жатыр, көбі жүрілген көліктер.

2022 жылдың ІІ тоқсанында ресейлік автомобиль импортының 80%-ын Қытай қамтыды / Фото: carsweek.ru
2022 жылдың ІІ тоқсанында ресейлік автомобиль импортының 80%-ын Қытай қамтыды / Фото: carsweek.ru

Ресейге автомобиль 2022 жылдың І тоқсанында өте көп импортталған. Ол кезде елге 32 мыңнан аса көлік әкелінген. Жаңа автомобильдердің үлесі 65%-ды құрады. ІІ тоқсанда 25 мың көлік импорталса, соның 68%-ы ұсталған көліктер.

Автомобильдерді заңды тұлғалармен қатар, қарапайым азаматтар да әкеледі. Алайда, жеке тұлғалардың үлесі өсіп келеді. Егер ақпанда әкелінген жаңа жеңіл автомобильдердің жалпы көлемінің тек 2%-ын ғана жеке тұлғалар құраса, ал шілдеде көрсеткіш 10 есе –— 20%-ға дейін өсті, деп жазады «Автостат» агенттігі.

Әйтсе де заңды тұлғалар елге ұсталған көліктерді мүлдем әкелмейді. Жыл басынан бері жүрілген автомобильдердің импортындағы жеке тұлғалардың үлесі ай сайын 90%-дан асып отырған. Ал шілдеде бұл көрсеткіш 99%-ға жетті.

І тоқсанда Ресейге жаңа көліктерді Қытай (28,3%), Бельгия (25,2%) және Германия (17,4%) бәрінен көп импорттады. ІІ тоқсанда жағдай өзгеріп, Қытай бұрынғысынша алдыңғы орында қалса да (80,6%), екінші және үшінші орындарға Оңтүстік Корея (7%) мен Жапония (2,6%) шықты.

Жүрілген автомобильдерге келер болсақ, І және ІІ тоқсандарда Жапония бірінші орында тұрды (сәйкесінше 86,6% және 87,4%). Ресейліктер сондай-ақ Беларусьтен (3,9% және 2,8%), Германиядан (І тоқсанда 2,5%) және АҚШ-тан (ІІ тоқсанда 2,3%) ұсталған көлік сатып алды.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
17.08.2022, 09:44