Меню CARMA.KZ

Volkswagen аккумулятор шығаратын алғашқы зауытын ашып жатыр

2026 жылға қарай зауытқа 2 миллиард еуро шамасында инвестиция құйылып, аккумулятор өндірісін 2025 жылы бастау көзделген.

Volkswagen AG 7 шілдеде Германияда аккумулятор шығаратын жаңа зауыттың іргетасын қалады. Зауыт Төменгі Саксония жеріндегі Зальцгиттер қаласында орналасқан деп хабарлайды Bloomberg. VW-ның жаһандық аккумулятор бизнесін дамыту үшін құрылған PowerCo бөлімшесі 2030 жылға қарай бес зауытқа 20 миллиард евродан астам инвестиция құйып, Еуропада 20 000 жұмыс орнын ашады, делінеді мәлімдемеде.

«Біз аккумулятор бизнесіндегі өте тәжірибелі жетекшілерді жұмысқа тарттық», — деді VWбас атқарушы директоры Герберт Дисс Bloomberg Television-ға берген сұхбатында. — Біз шынымен де аккумулятор элементтерін ірі өндірушілердің бірі болуға дайындалып жатырмыз».

VW-нан General Motors Co.-ға дейінгі барлық автоөндірушілер түрлі бизнес-модельдерді қарастырып жатыр. Мақсат — өздерінің модельдік қатарларын электрлендіріп, электромобиль саудасы бойынша алда тұрған Tesla Inc.-ті қуып жету. Олар материалдар мен ноу-хауға қол жеткізу үшін аккумулятор элементтерін өндірушілермен және тау-кен өндіруші компаниялармен серіктестік қатынастар орнатуда.

Автоконцерн үшін Зальцгиттер базалық қала болып табылады, себебі онда VW-ның негізгі мотор зауыты орналасқан, және ол жерге былтыр электромобильдер үшін аккумуляторларды зерттеу, әзірлеу және сынақтан өткізуге арналған құны 80 миллион долларлық кәсіпорнын ашқан болатын.

2026 жылға қарай аккумулятор зауытына 2 миллиард еуро шамасында инвестиция құйылып, өндірісті 2025 жылы бастау көзделген. Зауыт толық қуаттылыққа көшкен кезінде соммалық қуаттылығы жылына 40 гигаватт-сағат аккумуляторлар шығара алатын болады. Бұл көлем 500 000 электромобильдерді жабдықтауға жетеді.

Аталмыш кәсіпорын VW-ның Еуропада салғалы жатқан бес аккумулятор зауытының бірі. Бас директордың сөзінше, VW аккумулятор зауытын Валенсия, Испанияда салуды жоспарлап отыр, тағы бір зауытты Шығыс Еуропада өзінің құрастыру зауытына жақын маңнан салуға мүмкіндік бар және АҚШ-тан лайық келетін өндіріс алаңын қарастырып жатыр. Ол аккумуляторларды кеңінен танытуға жаңа серіктестерді шақыруға дайын екенін айта кетті.

Вадим Григорьев

Вадим Григорьев, журналист
11.07.2022, 14:39