Вьетнамдық автоконцерн АҚШ-та электрокар шығаратын зауыт ашпақшы
Компания бензинмен және газбен жүретін автомобильдерді шығарудан толықтай бас тартып отыр.
Вьетнамдық VinFast автомобиль өндірушісі электрокар шығаруға ойысып жатыр. 2022 жылдың тамызынан бастап компания газ қозғалтқышты автомобильдерін шығаруды тоқтатады.
Bloomberg-тің деректері бойынша, компания жақын арада АҚШ-та электрқозғалтқышты жол талмағамайтын көліктер шығаратын зауыт ашпақшы.
Клиенттер VinFast-тың соңғы автомобильдер партиясы — Lux пен Fadil-ға алдын ла тапсырыс беріп қойған. Компания келісімшарттарды орындап болған соң электрокар шығаруға толықтай көшеді.
VinFast әлемнің түкпір-түкпірінен 73 мың электромобильге тапсырыс түседі деп күтіп отыр. Салыстыру үшін айта кетейік, компания 2020-2021 жылдары аралығында 65 мың бензин қозғалтқышты автомобиль сатқан.
Компания АҚШ-та жұмысын бастау үшін қазірдің өзінде төрт миллиард доллар қарыз рәсімдеп қойды. Сондай-ақ VinFast 2024 жылға іске қосатын электромобильдер өндіру жөніндегі жоспарлы зауыты үшін Солтүстік Каролина билігінен жалпы сомасы 1,2 миллиард доллар жеңілдік алды.
Tesla еркін жайлаған Америка нарығына сәтімен ену үшін компанияның иесі болып келетін миллиардер Фам Нхат Выонг болашақта электрокарларды АҚШ-тан тікелей сату үшін Калифорнияда алты көрме орталығын ашып қойды.
Осының алдында Ресейде сутегі қозғалтқышты электромобиль таныстырылып, оның сериялық өндірісі 2024 жылы басталатындығы айтылды.
Ербол Казистаев, корреспондент
19.07.2022, 09:10