Меню CARMA.KZ

Toyota RAV4 2021 жылы әлемдік саудада көш бастады

Toyota RAV4 құрастыру желісі бойынша өзінің «туысқаны» саналатын Toyota Corolla sedan-ның алдына шығып алды.

Toyota RAV4 санатына қарамастан әлемдік сауда рейтингін бастаған алғашқы жол талғамайтын көлік ретінде әлемдік автоөндірістің тарихында қалмақ.

Motor1.com ресурсының хабарлауынша, жапонның жетекші өндірушісі былтыр 1,13 миллион бірлік Toyota RAV4 сатқан, бұл 2020 жылдың қорытындысы бойынша осы модельдегі автомобильдердің санынан (971 мың 516 бірлік) 6%-ға көп. Айта кетейік, автомобильдің санатына қарамастан 2020 жылдың қорытындысы бойынша осы жапондық автоконцерннің басқа бір өнімі — Toyota Corolla sedan әлемдік сауданың көшбасшысы болды: осы модельдің 1, 134 миллион бірлігі сатылған.  

Осылайша,2021 жылы Toyota RAV4 өндіріс желісі бойынша «туысқаны» болып келетін Toyota Corolla sedan-ның жетістігін қайталап, 1,104 миллион бірлік нәтижесімен оны ең көп сатылған автомобильдер тізімінің екінші орнына ығыстырды. Бұл тізімдегі екінші орын 2021 жылдың қорытындысы бойынша, осыдан бір жыл бұрынғысынша, тағы бір жапондық жол талғамайтын көлік — Honda CR-V-ға тиесілі болды. Оның 2020 жылдағысына қарағанда былтыр саудасы 3%-ға,705 мың 651 бірліктен 903 мың бірлікке дейін артқан.  

2021 жылы ең көп сатылған автомобильдердің 10-дығы Фото: motor1.com
2021 жылы ең көп сатылған автомобильдердің 10-дығы Фото: motor1.com

Ең көп сатылған автомобильдердің әлемдік тізіміндегі төртінші орында Nissan Sentra шағын седаны (693 мың бірлік) тұр. Ол былтыр үздік 10-дыққа енбей қалды. Ал 2021 жылы үздік бестікке кірген Toyota Camry (681 мың) үздік ондықтағы жағдайын жақсартып алды. Себебі ол 2020 жылдың қорытындысы бойынша әлемдік сауда бойынша алтыншы модель болған еді (592 мың 648 бірлік).

Келесі тұрған — Honda HR-V. Қытай, Латын Америкасы, Жапония және Оңтүстік-Шығыс Азияда сұраныстың ұлғаюына байланысты оның сауда көлемі 20%-ға өсті. Сомаға шаққанда осы модельдің былтыр 670 мың бірлігі сатылды. Жетінші орынды Ford F-150 пикабы еншіледі. Оның саудасы бір жыл ішінде 562 мың бірлікке дейін өсті. Одан кейін Toyota Hilux тұр (548 мың бірлік, 2020 жылғы көрсеткішке +22%).

Сауда көлемі бойынша тоғызыншы орында әлемдік рейтингтегі бірінші электромобиль Tesla Model 3 иеленді, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша оның сауда көлемі 40%-ға, 508 мың бірлікке өсті. Әлемдік ондықты Honda Accord (481 мың бірлік) шағын седаны аяқтайды. Айта кетейік, 2021 жылы елімізде ең көп сатылған жеңіл автомобильдердің тізімінде әлемдік лидерлерден тек екеуі ғана бой көрсете алды.

Атап айтқанда, Қазақстандық АвтоБизнес Қауымдастығы (ҚАБҚ) деректері бойынша 2021 жылы Қазақстанда сатылған Toyota Camry моделі машиналарының саны 5 мың 559 бірлікті құрап, бұл оны алғашқы ондықтағы төртінші орынға жайғастырды. Ал әлемдік рейтингтің көшбасшысы Toyota RAV4 өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда сауда бойынша тек сегізінщі орында қалды — жыл ішінде 3 мың 169 машина сатылған. Ал 2020 жылдың қорытындысы бойынша Toyota Camry Қазақстанда сауда көлемі бойынша (4 мың 314 бірлік) алтыншы орында болса, RAV4 алдыңғы ондыққа кіре алмады.

2021 жылы Қазақстанда саудасы озған Chevrolet-тің екі моделі — Chevrolet Cobalt (14 мың 605) және Chevrolet Nexia (10 мың 809). Үшінші орын сатылған машина саны 9 мың  603-ті құраған Hyundai Accent-те, десек те Hyundai былтыр Қазақстанда барлық автомобильде брендтер арасында екінші орынды еншілеген еді:  оның әртүрлі модельдерінің сомалық саудасы 27 мың 736 бірлікті құрады. Бәрінен ең көбі Chevrolet-те — 28 мың 922 автомобиль, үшінші орында — Toyota (13мың 847 бірлік).

Айта кетейік, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ең сұраныста болған автобрендтердің ондығын Toyota бастап тұр: былтыр әлем бойынша сомаға шаққанда осы марканың түрлі модельдерінің 7,35 миллион жеңіл автомобилі сатылыпты. Екінші орында — 4,57 миллион машина сатқан Volkswagen, үшінші орында — 4,13 миллион авто нәтижемен Honda. Қазақстандық нарықтағы сауданың көшбасшысы — Chevrolet, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 2,22 миллион бірлік нәтижемен сегізінші орынға жайғасты.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
07.07.2022, 13:44