SsangYong-ты тыңайтқыш өндіруші сатып алмақшы
SsangYong-ты соңғы рет 2010 жылы үндістандық Mahindra компаниясы құтқарып қалғанымен, ол сол күйі дағдарыстан шыға алған жоқ.
Сеулдің банкроттық жөніндегі соты биылғы жылдың 29 маусымында KG Group басқаруындағы консорциумға SsangYong-ты 335,5 млрд вонға (261,5 млн доллар шамасында) сатып алуға рұқсат берді. Электробустар шығаратын кореялық Edison Motors компаниясы бұған дейінгі мәміледен шығып қалған соң сот осындай шешім қабылдады, деп жазады Chosun басылымы.
Негізі 1985 жылы құрылған тыңайтқыш өндірумен айналысатын KG Group компаниясы 346 миллиард вон (270 млн доллар шамасында) активімен Кореяда көлемі жағынан 71-орында тұрған конгламерат. Оның иелігінде 21 жергілікті және сегіз шетелдік еншілес компания, оның ішінде Кореядағы ең ірі KG Inicis онлайн-төлемдер сервисі бар. SsangYong KG консорциумымен келесі аптада келісімшартқа қол қоймақ.
Осыдан тура бір жыл бұрын, 2021 жылғы 29 маусымда SsangYong өзінің банкроттығы туралы мәлімдеп, жаңа қожайын іздей бастаған. 2017 жылдан бері жинақталған қарыз көлемі 2 триллион вонды (1,55 млрд доллар шамасында) құраса, ал электрлі және өзге де экологиялық таза автомобильдерге көшу тым баяу жүріп жатқан еді. Сондай-ақ, және ең маңыздысы, компания жұтылып кеткен жағдайда еңбеккерлерінің арасында наразылық туу ықтималдығы кәдік еді, себебі Кореяда кәсіподақтың рөлі өте күшті.
Компания банкроттыққа ұшырамау үшін өткен жылдың 3 маусымында басшылық пен еңбеккерлердің бірлесіп жасаған өзін сақтап қалудың жоспарын ұсынды. Жоспарда компания жұмыскерлерінің тең жартысы екі жыл мерзімге дейін ақысыз демалысқа кететіндігі туралы көрсетілген.
Бұндағы мақсат — жұмыстан босатуды болдырмау, бірақ еңбекақы шығындарын күрт қысқарту. Ақысыз демалысқа кететіндер автоөндірушінің өндірістік құрамының жартысы мен офис қызметкерлерінің 30 пайызын құрайды. Бірақ егер SsangYong ақша таба бастайтын болса, олар бір жылдан соң жұмыстарына қайта орала алады.
Жоспарға сәйкес, еңбеккерлеріне еңбекақыларының тек 50 пайызы ғана төленетін болады және 2023 жылғы маусымның соңына дейін барлық әлеуметтік жәрдемақы төлемдері тоқтатылады. Менеджерлердің жалақысы жүргізілген 20-пайыздық қысқартуға қосымша тағы 20-пайыз қысқарады.
Бұның алдындағы сатып алушы Edison Motors компанияның қалған 274,3 миллиард вон қарызын төлей алмаған соң мәміледен шығып қалды. Ал Корея банкроттық жөніндегі сотының қаулысы бойынша ол биылғы жылдың 25 наурызына дейін төленуге тиіс еді.
SsangYong пен Edison Motors осы жылғы қаңтарда келісімге келд, осыдан соң ол жұмысы құлдырап бара жатқан автоөндірушінің бақылаушы пакетін иеленуі тиіс болатын. Естеріңізге сала кетейік, SsangYong-ті қазіргі уақытта үндістандық Mahindra & Mahindra компаниясы басқарып отыр.
Дереккөздерге сүйенсек, «Эдисон» барынша әрекет етіп көрген, бірақ олардың негізгі инвесторлар мәміледен шыққан шығып кетіп, ал олардың орнына жаңасы табылмаған. Edison-ның бас директоры Кан Ен Квон SsangYong-ты қайта жандандыру үшін 837 миллион доллар инвестиция құйып, компанияны GM мен Tesla секілді алпауыттармен үзенгілес компанияға айналдырмақшы болды. Атап айтқанда ол электромобильдердің келесі жылы — 10, ал 2030 жылға қарай 30 моделін жасауды көздеді.
Вадим Григорьев, журналист
01.07.2022, 09:18