Меню CARMA.KZ

Сатуға ұсынылған оңжақрульді машиналардың Ресейдегі үлесі мамырда 8%-ға жетті

Авито Авто платформасында жарияланған осы тектес хабарландырулар өткен жылмен салыстырғанда 17%-ға өсті.

 

Сатуға ұсынылған оңжақрульді машиналардың Ресейдегі үлесі мамырда 8%-ға жетті / Фото: krot.info
Сатуға ұсынылған оңжақрульді машиналардың Ресейдегі үлесі мамырда 8%-ға жетті / Фото: krot.info
Ресейдің Қиыр Шығыс федералдық округінде қаңтар-мамырда сатылған әрбір жаңа автомобильге 24 жүрілген автомобильден келген. Жалпы алғанда жалпы ел бойынша айырмашылық айтарлықтай емес — 1:5,7, бірақ мұндай алшақ теңгерімнің өзі рекордтық деп санайды Владивостокта өткен Авито Авто платформасының кәсіби сатушыларына арналған конференциясына жиналған мамандар, деп хабарлайды PrimaMedia.

2022 жылдың мамырында барлығы Ресейге импортталған жүрілген автомобильдердің 51%-ы Владивосток арқылы тасымалданған. Олардың 42%-ы — үш жылға дейінгі машиналар.

Ресейдің Қиыр Шығыс федералдық округіндегі жеңіл автомобильдер паркінің жартысынан көбін үш бренд: Toyota (46,2%), Nissan (12,3%) және Lada (8,6%) құрайды. Округте жүрілген көліктер нарығындағы бұқаралық сегментте Toyota Corolla, Toyota Prius, Honda Fit, Toyota Vitz және Nissan X-Trail модельдеріне сұраныс жоғары, ал премиум-санаттан «Лексус» алдыңғы орында. Сонымен қатар жаңа Chery-ге сұраныс күрт өсіп келеді: алғашқы бес айда өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда сауда 65,5%-ға өсті.

Приморье өлкесінің жүрілген автомобильдеріне Қиыр Шығыстан басқа Мәскеуден (хабарландыру бойынша қоңыраулардың 15,5%-ы), Краснодар өлкесінен (8,4%) және Башқұртстаннан (4,1%) қызығушылық білдіретіндер көп. Жеткізу мәселесін өз мойындарына алатын сатушылардың саудасын сәтті аяқтау мүмкіндігі әлдеқайда зор. Авито Авто қызметкерлері жалпы Ресей аумағы бойынша саудаға ұсынылған оңжақ рульді машиналардың үлесі осы жылғы мамырда 8%-ға жеткенін атап отыр. Салыстыру үшін айтар болсақ, былтырғы бір жылда осындай хабарландырулар 17%-ға өскен болатын.

Сұраныстың артуына көп себептің тағы бірі ол — оңжақ рульді автомобильдер өткен аймен салыстырғанда орташа 30%-ға, 699 мың рубльге арзан тұрады. Сонымен қатар жүрілген машиналарды таңдау барысында көлік іздеушілер фильтрді, атап айтқанда «Руль» фильтрін жиі пайдалана бастапты.

Вадим Григорьев

Вадим Григорьев, журналист
01.07.2022, 08:35