Ресейдің бірқатар аймағында оң жақ рульді автомобильдерге сұраныс артып барады
Сұраныстың артуын Жапониядан автомобильдің көптеп әкелінуімен және қосарлас импортпен байланыстырады.
2022 жылдың қаңтары мен маусымы аралығында ресейліктер 263,5 мың оң жақ рульді автомобиль сатып алған. Бұл 2021 жылдың дәл осындай кезеңінен 17%-ға аз, деп жазады «Автостат».
Дегенмен, Ресейдің бірқатар аймағында оң жақ рульді автомобильдерге сұраныстың артқаны байқалады. Орталық федералдық округте «оңжақтылардың» саудасы 9%-ға, Солтүстік Батыста – 14%-ға, Кавказда 1%-ға өсті. Алайда рулі оң жақта орналасқан машиналардың саудадағы үлесі Ресей бойынша барлық көлемнің тек 5%-ын ғана құрайды.
«Оңжақтыларды» Қиыр Шығыс пен Сібірде ең көп сатып алған. Бұл аймақтар оң жақ рульді машиналар нарығының 84%-ын еншілейді. Әйтсе де ол аймақтарда да мұндай автомобильдердің саудасы сәйкесінше 22% және 18%-ға төмендеді.
Оң жақ рульді жеңіл автомобильдер нарығындағы ең үлкен өсім Шешенстанда (+74%), Мәскеуде (+18%), Мәскеу облысында (+15%) және Санкт-Петербургте (+24%) байқалып отыр.
Сарапшылар оң жақ рульді машиналарға сұраныстың артуына Жапониядан автомобиль жеткізудің өсуі, сондай-ақ Ресейде қосарлас импортқа рұқсат етілуі себеп болған.
Әйтсе де 2022 жылдың сәуірі мен маусымы аралығында Ресейде дилерлік орталықтардың саны 101-ге азайды. Осы үш ай ішінде тек 59 дилерлік келісімшарт жасалған болса, 160 келісімшарт бұзылған.
Оған қоса барлық жаңа келісімшарттар тек қытайлық брендтермен жасалған. Соның бірі — EXEED-тің 3 ай ішінде Ресейде 13 жаңа орталығы пайда болды. FAW-да — 9 Chery-де — 7, Geely-де — 5, Haval мен JAC-та 2-еуден жаңа дилерден пайда болды. Ресей нарығын игеруде көшбастаған Chery болды. Оның РФ-дағы ресми өкілдік желілері былтырғы желтоқсанда 150 орталық болған еді.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
27.07.2022, 15:51