Меню CARMA.KZ

Қазақстанда жылына 3,5 млн дөңгелек шығарылмақ

«KamaTyresKZ» ЖШС-ның дөңгелек шығаратын зауыты 2022 жылғы желтоқсанда Сарань қаласында іске қосылады деп жоспарланған.

Қазақстанда жылына 3,5 млн дөңгелек шығарылмақ / Фото: pm.kz
Қазақстанда жылына 3,5 млн дөңгелек шығарылмақ / Фото: pm.kz

Еліміздің премьер-министрі Әлихан Смайылов өткен демалыс күні «KamaTyresKZ» ЖШС-ның дөңгелек шығаратын жаңа зауытының құрылыс алаңына барып, өндірістік алаңдардың салыну барысымен танысты. Оның алаңы 120 мың шаршы метрді құрайды. Былайша айтқанда 12 футбол алаңына тең.

Жоба екі кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде жеңіл, жеңіл жүк және жүк көліктеріне арналған дөңгелектер шығарылса, екінші кезеңде резеңкелітехникалық бұйымдар мен ауыл шаруашылығы техникаларына арналған дөңгелектер жасалатын болады.

Бастапқыда 124,9 млрд теңге көлемінде инвестиция құйылып, одан кейін 50 млрд теңге қаражат бағытталады. Жобаға «Татнефть» ЖАҚ (РФ), «Татнефть-Нефтехим» ЖШҚ (РФ), «Allur Tyres» ЖШС (ҚР), «Сарыарқа» ӘӨК» АҚ (ҚР) секілді қатысушылардың дербес қаражаты құйылады. Одан әрі өндірілген өнімді бастапқы нарық пен экспортқа жеткізу кезіндегі офтейк келісімшарттар арқылы қаржыландырылады.

Кәсіпорынның өнімдерін автомобильдерді бастапқы жиынтықтаумен қатар, еліміздің қайталама нарығына, сондай-ақ ЕАЭО елдеріне жеткізілмекші.

Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген сыртқы саудаға шолудан белгілі болғанындай, еліміге дөңгелек импорты биылғы сәуірдің өзінде 37,2 млн долларды құраған, ал жалпы 2022 жылғы төрт айда елімізге жалпы сомасы 152,1 млн доллардың дөңгелектері жеткізілген.

Осындай жағдай тұрғысынан келгенде, өнімді ЕАЭО елдері нарығына, бәрінен бұрын Ресейге жеткізу жоспарының келешегі зор.

18 наурызда жапондық Bridgestone концерні Ульяновскіде автомобиль дөңгелектерін шығаруды, Ресейге жеткізулерді доғаратынын хабарлаған болатын.

Bridgestone Corp. — дөңгелек өндіруші жапондық ірі корпорация Ульяновскіде дөңгелек өндіруді 2017 жылдың мамырында бастаған. Кәсіпорын жылына 2 млн-ға дейін дөңгелек шығара алады.

28 маусымда француздың Michelin компаниясы мен дөңгелек шығарушы Nokian Tyres фин концерні Ресейден кететіндіктерін жариялады.

Michelin Ресейдегі қызметінін 2022 жылдың соңына дейін тоқтатып, ресейлік бөлімшесін жергілікті басқаруға тапсыратынын мәлімдеді. Michelin Ресейде 1997 жылдан жұмыс істеп келеді. Ол Ресей Федерациясында жерсіндірілген кәсіпорны бар дөңгелек шығарушы тұңғыш шетелдік компания болды.

Ресейлік Nokian Tyres зауыты 2005 жылы қыркүйек айында Ленинград облысының Всеволож ауданында ашылды, онда жылына 17 млн дөңгелек шығара алатын 14 өндірістік желі жұмыс істеп тұр. 

Вадим Григорьев

Вадим Григорьев, журналист
13.07.2022, 10:00