Қазақстанда қай өңірінде жол-көлік апатынан көз жұматындар көп
Биылғы қаңтар-мамырда жол-көлік апатынан Алматы облысында қайтыс болғандар көп болса, Қарағанды өңірі мен БҚО-да жолдағы қайғылы жәйт жиілеп барады.
Қазақстанда биылғы жылдың қаңтар-мамыры аралығында 5,2 мың жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркеліп, солардың салдарынан адамдар көз жұмып немесе жарақат алған. Мұндай деректі еліміздің Бас прокуратурасының Құқықтық статистика комитетіне сілтеме жасап energyprom.kz порталы жазып отыр.
2021 жылдың дәл осындай кезеңінде 4,7 мың ЖКО тіркеліпті, ол 2020 жылғы қаңтар-мамырымен салыстырғанда 12,2%-ға көп. Дегенмен ескеретін бір жайт, 2020 жылғы наурыз бен сәуірде көлік жүргізетіндердің көпшілігі карантиндік режимге кезінде машиналарының тізгініне отырмаған болатын.
2022 жылғы алғашқы бес айда елімізде 774 азамат ЖКО қайтыс болған. Бұл 2015 жылдан бергі қаңтар-мамырда аралығында елімізде орын алған тым жоғары көрсеткіш. Былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда қаза болғандардың саны 22,6%-ға артып кеткен — ол кезде ЖКО салдарынан 607 адам бақилық болыпты. Әсіресе Алматы облысында бұл көрсеткіш жоғары (163 адам) болып отыр. Одан кейін Жамбыл (99 адам) және Түркістан облысы (63 адам).
Сонымен қатар Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында жол-көлік оқиғалары кезінде қайтыс болғандар көбейген: мұнда 100 ЖКО-да 35 адам көз жұмған. Одан кейін Қызылорда облысы — 100 оқиғада 31 адам қайтыс болған. Адам шығыны аз тек Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында ғана — мұнда 100 ЖКО-да сәйкесінше 2 және 3 адам қаза болған.
Десек те талдау жүргізушілер еліміздің екі ірі қаласымен салыстырғанда өңірлерде мүлікке және жол қозғалысына қатысушылардың денсаулығына айтарлықтай зақым келмейтін ЖКО-лары немқұрайлықпен тіркелмей қалатындығын жоққа шығармайды. Сол себептен де үш өңірдегі адам шығыны мен ЖКО-ның арасалмақ көрсеткіші шын мәнінде төмен болуы мүмкін.
Ал зардап шеккендердің (қаза болғандар мен жарақат алғандар) жалпы санына қатысты айтар болсақ, биылдың алғашқы бес айында 7,7 мың адам жол-көлік оқиғаларына тап болған, бұл 6,8 мың адам зардап шеккен 2021 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 11,9%-ға көп. Биыл ЖКО жарақат алғандардың саны 10,9%-ға өсіп, 6,9 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіш былтыр 6,2 мың адам болған.
Жол-көлік оқиғасы Алматы қаласында ең көп тіркеліп отыр — 1 479, одан кейін Алматы және Жамбыл облыстары — әрқайсысында 862 және 548 ЖКО-дан. Өткен жылдың осы кезеңінде ЖКО саны бойынша тағы осы үш өңірдің жолы болмаған еді: 2021 жылдың қаңтар-мамырында Алматыда — 1,3 мың, Алматы облысында — 840, Жамбыл облысында 425 ЖКО тіркелген.
Биыл жол апаты өте аз тіркелген Батыс Қазақстн облысы (92), Солтүстік Қазақстан (96) және Қостанай облысы (102) болды. Былтырғы жылдың осы кезеңінде жол-көлік оқиғасы аз тіркелген СҚО болса, одан кейін 85 оқиға орын алған Маңғыстау облысы (биылдың өзінде 221), содан соң 92 оқиға болған Атырау облысы (биыл 130) тұр. БҚО мен Қостанай облыстарында былтырғы қаңтар-мамырда 99 ЖКО-дан тіркелген.
Егор Васильев, корреспондент
05.07.2022, 14:30