Қазақстанда көлік дөңгелектері қымбаттап жатыр
Елімізде көлік дөңгелектерінің көтерме бағасы 2022 жылдың басынан бері 17%-ға өсті.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2022 жылдың маусымында Қазақстанда дөңгелектердің көтерме бағасы 2021 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 16,8%-ға қымбат. 2021 жылдың маусымымен салыстырғанда бағаның өсуі 21,6%-ды құрады.
2022 жылғы қаңтар-маусымда дөңгелектердің көтерме бағасы 2021 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 18,3%-ға жоғары болды. Баға әлі де өсіп жатқанын айта кету керек. 2022 жылдың шілдесінде дөңгелектер орташа алғанда 0,1%-ға қымбаттады.
Бұл сірә алғашқы жартыжылдықта теңгенің әлсіреуімен байланысты болуы керек, себебі отандық нарық шетелдік дөңгелектерге толы. ҚР сауда министрлігінің деректері бойынша, 2022 жылдың қаңтары мен ақпаны аралығында Қазақстанға дөңгелек импорты 152,1 млн долларды құрады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда дөңгелек шығаратын жаңа зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Онда дөңгелек өндірісі 2022 жылдың желтоқсанында басталады деп күтілуде. Жоба екі кезеңмен жүзеге асырылады. Біріншісінде – жеңіл және жүк көліктеріне, екінші кезеңде ауыл шаруашылығы техникасына арналған дөңгелектер шығарылады. Жылына 3,5 млн дөңгелек шығарылады деп көзделген. Зауыт өнімі еліміздің нарығымен қатар, ЕАЭО елдеріне бағдарланған.
Ербол Казистаев, корреспондент
19.07.2022, 10:12