Қазақстан мұнай өнімдерін автокөлікпен сыртқа тасымалдауға тыйым салды
Қазақстанда бензин мен дизель отынын автокөлікпен тасымалдауға қайта тыйым салынды.
Бұл тыйым бензин мен дизель отынына қатысты және 12 шілдеден бастап 6 ай күшінде болады.
Энергетика министрлігі, ІІМ, Қаржы министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлескен бұйрыққа қол қойып, онда автокөлікпен мұнай өнімдерін тысқарыға тасымалдауға тыйым салынып отыр.
Құжатқа сәйкес, үлкен жүк көліктерінің жүргізушілері машинаға сыйымдылықтары әртүрлі қосымша бактарды орнататын жағдайларды болдырмау үшін, құжатқа сәйкес, ІІМ «өзінің құзіреті шегінде» «автомобильдік көлік құралдарында өндіруші-зауыт қарастырған стандарттарға сай келмейтін бензин бактарында, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын жеке сыйымдылықтарда тауарларды тасымалдайтын жағдайларға жол бермеуге көмектесуге» міндетті.
Енгізіліп отырған шектеулер нарықтың қатысушылары үшін тосын жәйт бола қоймас, себебі мамырда енгізілетіндігі туралы бұл бұйрықтың жобасын Энергетика министрлігі «Ашық үкімет» сайтында биылғы жылдың 5 сәуірінде жариялап қойған болатын.
«Қазір біздің негізгі міндетіміз – бағаның күрт өсуіне жол бермеу, сондықтан министрліктің пікірінше, ішкі нарыққа жеткізуді сақтап және бағаның өсуіне жол бермеу үшін сыртқа әкетуге тыйымды мамырдан кейін де ұзартатын болады», – деді көктемде энергетика министрі Болат Ақшолақов отын нарығындағы жағдайға қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда мұндай режим 2021 жылғы қарашадан әрекет етіп келді және мерзімі 2022 жылғы 21 мамырда аяқталады. Шектеудің себебі – еліміздің аумағынан көрші елдерге бензин мен дизель отынының «көлеңкелі» экспортынан төнген қауіп. CARMA.KZ бұған дейін жазғандай, осының салдарынан бір ай ішінде теңге-рубль жұбында рубль бағамының бір рубль үшін 5,5 теңгеден 8,5 теңге дейін күрт өсуіне байланысты Қазақстан мен Ресейдің ішкі нарықтарында бензин мен дизель отыны бағалары арасында баға тепе-теңдігі бұзылды.
Бүгінгі күні Ресейде Аи-92 бензинінің орташа нарықтық құны литріне 49 рубль төңірегінде, Аи-95-тің литрі 51-52 шамасында. Осының нәтижесінде теңгеге шаққанда Қазақстанда бензин Ресейдегіден 2 есе арзандап қалды. Дизель отынымен де осындай жағдай. CARMA.KZ-ке энергетика министрлігіндегі дереккөздің айтуынша, елімізде бензин экспортына салынған тыйымға қарамастан «біздің нарықтан, әсіресе шекаралас облыстардан бензин әкетіліп жатыр».
Қазіргі таңда Қазақстанда мұнай өнімдерінің бөлшек саудасының шекті бағасы (қосымша құнға салықты қоса есептегенде) келесідей деңгейде бекітілген:
Аи-80 маркалы бензин — литріне 89 теңге;
Аи-92 маркалы бензин — литріне 182 теңге;
Аи-93 маркалы бензин — литріне 182 теңге;
Аи-95 маркалы бензин — литріне 215 теңге;
Дизель отыны (жазғы, маусымаралық):
Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – литріне 260 теңге;
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында – литріне 230 теңге.
Энергетика министрлігі өзінің 2022 жылдың екінші жартыжылдығына шығарған бұйрығымен шекті бөлшек сауда бағалары механизмінің өзін де, сонымен бірге олардың абсолюттік мәнін де сақтап қалды. Тек Аи-95 маркалы бензиннің бағасы ғана нарықтың ырқына жіберілген жайы бар.
Егор Васильев, корреспондент
11.07.2022, 11:58