Меню CARMA.KZ

Қазақстан биылғы мамырда тіркелген автомобильдер саны жағынан ЕО-ның 25 елінен асты

Тіркелген машиналардың абсолюттік саны бойынша Қазақстан мамырда автомобиль өндірісінде озық Германия, Франция және Италия елдерінен кейін тұр. Әйтсе де Қазақстанның халқының саны Германиядан 4,3 есе, Франция мен Италиядан 3,4 және 3,1 есе аз.

 

Еліміз биылғы мамырда тіркелген автомобильдер саны жағынан ЕО-ның 25 елінен асты / Фото: mvd.gov.kz
Еліміз биылғы мамырда тіркелген автомобильдер саны жағынан ЕО-ның 25 елінен асты / Фото: mvd.gov.kz
2022 жылғы мамырда Қазақстанда 105,3 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылған, деп хабарлайды ҚР ІІМ деректеріне сілтеме жасаған Ұлттық статистика бюросы.

Бұл деректерді Еуропаның автоөндірушілер қауымдастығының (ACEA) осының алдында жариялаған статистикасымен салыстырар болсақ, биылғы мамырда Еуропа Одағына мүше 28 елдің 25-сімен салыстырғанда Қазақстанда тіркеуге қойылған автомобильдердің саны әлдеқайда көп. Жаңадан есепке қойылған автомобильдердің саны бойынша біздің елімізді автомобиль өндірісі бойынша Еуропадағы алпауыттар — Германия (бір айда 207,1 мың авто есепке қойылған), Франция (126,8 мың) және Италия басып озып кеткен.  

Қазақстанның тіркеу бойынша көрсеткішінен кейінгі нәтижені ЕО-ның өзге елдері арасынан Испания (84,9 мың бірлік) көрсетті. Шыны керек, маусымдағы нәтижелер бойынша, ACEA айдың қорытындысын қазақстандық статистиктерден сәл ертерек шығаратындықтан, дәл сол Испанияда автомобильдерді тіркеу саны 89,2 мыңға дейін өскен, дегенмен бәрібір Қазақстаннан асып кете алмасы анық. Себебі өсу көрсеткіші бойынша 2022 жылғы мамырда өткен жылдың осы айымен салыстырғанда Қазақстан жалпы Еуроодақты алғанда алға шықты. АСЕА-ның деректері бойынша, оларда мамырда да ( 2021 жылғы мамырмен салыстырғанда -11,2%), және маусымда да (-15,4%) төмендеп кеткен.

Қазақстанда мамырда есепке қойылған 105,3 мың бірлік автокөлік құралының 93,1%-ы — жеңіл автомобиль (98,1 мың бірлік), 6% — жүк автомобильдері (6,3 мың бірлік), 0,9% — автобус (0,9 мың бірлік).

2021 жылдың сәйкес айында еліміздегі автокөлік құралдарының саны 28%, оның ішінде жеңіл автомобильдер — 28,4%-ға, жүк автомобильдері — 18,8%-ға, автобустар — 60,4%-ға артқан. 1 маусымдағы нәтиже бойынша елімізде тіркелген автокөлік құралдарының саны 4350,3 мың бірлікті (87,7% немесе 3,8 млн — жеңіл автомобильдер, 10,4% немесе 454 мың — жүк көліктері, 1,9% немесе 80 мың — автобустар) құрады.

Тіркелген жүк автомобильдерінің жалпы санында шыққанына 20 жылдан асатын автомобильдердің саны басым — 60,9%, 10 жылдан 20 жыл аралығындағылар — 21%, 7 жылдан 10 жылға дейінгілер — 10%, 3 жылдан 7 жылға дейінгілер — 4,1%, шыққанына 3 жылдан аспайтындар 3%-ды құрайды.

Десек те Қазақстанда тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санындағы шыққан жылы бойынша 20 жылдан асып кеткен автомобильдердің үлесі әлі де басым — 50,4%. 7 жылдан 10 жылға дейінгілер — 14,5%, 3 жылдан 7 жылға дейінгілер — 6,4%, 3 жылдан аспайтындардың үлесі — 7,4%.

Тіркелген автобустардың жалпы санында шыққанына 20 жылдан асатын автобустардың үлесі 42,4%-ды құрайды. 10 жылдан 20 жылға дейінгілер — 31,9%, 7 жылдан 10 жылға дейінгілер — 10,6%, 3 жылдан 7 жылға дейінгілер — 7,8%, 3 жылдан аспайтындардың үлесі — 7%.

Айта кетейік, мамырдың қорытындысы бойынша сәуірдің соңында 7,6%-ды құраған «жаңа» жеңіл көліктердің үлесі елімізде тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санының 7,4%-ын, сондай-ақ жаңа автобустардың үлесі 1 мамырда 7,2% және 1 маусымда 7%-ды құрады. Сонымен қатар жүк көліктерінің паркі де «жасарған»: мұндағы жаңа жүк көліктерінің (3 жылдан аспайтын) үлесі 3,1%-дан 3%-ға қысқарды.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
20.07.2022, 13:48