Меню CARMA.KZ

Нұр-Сұлтанда автомобильдердің нақты саны ресми статистикадан 2 есе жоғары

Ресми мәліметтер бойынша, Нұр-Сұлтанда 303,6 мың автомобиль тіркелген.

Нұр-Сұлтанда автомобильдердің нақты саны ресми статистикадан 2 есе жоғары / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Нұр-Сұлтанда автомобильдердің нақты саны ресми статистикадан 2 есе жоғары / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтанда ресми түрде 303,6 мың автомобиль тіркелген, оның 276,1-і — жеңіл автомобиль.

Дегенмен елордадағы автомобильдердің нақты саны әлдеқайда жоғары, деп мәлімдейді «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС өкілдері.

«Біздің жүйеміз жекелеген мемлекеттік нөмірлерді тіркеп отырады. Біздегі ақпарат бойынша, қалада күн сайын 600 мыңдай бірегей көлік құралы жүреді», — деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің отырысында. Шыңғыс Досыбаев.

Ресми мәліметтер бойынша, Нұр-Сұлтан тұрғындарының саны 1,26 млн-ды құрайды. Яғни тіпті ресми тұрғыдан әрбір төртінші азаматтың жеке көлігі бар.

Шыңғыс Досыбаевтың пікірінше, «қалада автомобиль саны осындай қарқынмен көбейетін болса кептеліс мәселесі бұдан да өзекті бола түспек».

Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген машиналардың көпшілігінің жасы 7 жылдан асқан және қозғалтқыш көлемі 1 500-ден 2 000 текше сантиметрді құрайды.

Ербол Казистаев

Ербол Казистаев, корреспондент
20.07.2022, 14:04