МКК Қазақстанға әкелінетін автомобильдердің құнын төмендету әрекетін әшкереледі
2022 жылдың басынан бері Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанға әкелінетін автомобильдердің құнын төмендетуге тырысқан 1000 аса әрекетті анықтады. Төмендетілген құнның жалпы сомасы 53 млн долларды құрайды.
«Кедендік құнды төмендетіп көрсететін кәсіпкерлер мен делдалдар бар, олар сол арқылы бюджетке түсімдерді азайтып жібереді. Биыл олар 1 164 автокөліктің құнын 300-ден 3 000 АҚШ долларына дейін көрсетуге әрекеттенген», – делінеді ҚР мемлекеттік кіріс комитетінің сайтында жарияланған ресми мәлімдемесінде.
Заң бұзушылар кедендік төлемді азайту үшін автомобильдерді Қазақстанға әкелген кезде әдейі төмендетілген құнын көрсетеді. Осының салдарынан оларға 6,5 млрд теңгенің кедендік төлемі мен салығы есептелмей қалған.
Мемлекеттік кіріс комитеті бұған Грузиядан әкелінген 2020 жылы шыққан Toyota Camry автомобилін мысал етті.
«Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар кедендік тазалау кезінде 1 300-ден 17 500 АҚШ доллары аралығындағы бағаны көрсетеді, орташа жарияланатын баға 11 000 АҚШ доллары. Жөнелтуші елдің автомобиль саудасы жөніндегі autopapa.ge сайтында (Грузияда - CARMA.KZ ескерт.) дәл осындай ақауы жоқ машиналар 20 000-нан 27 000 АҚШ долларына дейін бағаланады. Ақауы бар машиналардың құны 12 000-нан 18 000 АҚШ доллары аралығында», — деп хабарлады МКК.
Ведомстводағылар импорттық автокөлік құралдарын әкелінгенде олардың маркасы, моделі, импортталатын елі, баға диапазонына қатысты талдау тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті. Әкелінетін автомобильдердің көрсетілген кедендік құнымен салыстырылатын бағалардың ақпараты МКК ресурстарында жарияланады ( https://kgd.gov.kz/ru/content/cenovaya-informaciya-1).
Дегенмен де, МКК атап көрсеткендей, «сыртқы экономикалық қызметтің кейбір қатысушылары кедендік тазалау кезінде» люкс машиналардың да құнын төмендетуге тырысқан. Атап айтқанда, 2021 жылы шыққан Mercedes-Benz AMG G63-ті иесі декларацияда көрсеткеніндей 8,5 мың долларға сатып алған. МКК сарапшылардың дерегі бойынша аталмыш модельдің орташа бағасы кемінде 81 300 долларды құрайды.
2021 жылы шыққан Toyota Land Cruiser 300 автомобилін Қазақстанға әкелген кезде 15 мың долларға (65 000 доллар), 2021 жылы шыққан LEXUS RX 450H 4,5 мың долларға (33 000 доллар) бағаланған.
«Егер автомобиль иелері көліктің сатып алынғандығын растайтын құжаттарды ұсынатын болса, онда кедендік тазалау декларация көрсетілген құн бойынша жүргізіледі», — деп атап өтті МКК өкілдері.
Қазақстан аумағына автомобильді әкелу кезінде азамат кедендік алым (20 мың теңге), кедендік баж (автомобиль құнының 15%-ы) және ҚҚС төлеуі керек. ҚҚС тауардың кедендік құны, алым және баждың қосынды сомасына есептеледі.
Сондай-ақ көлік құралына «акциз» бар. Егер жеңіл автомобильдің көлемі 3 мың текше сантиметрден асатын болса акциз төленеді.
Орташа алғанда төленетін кедендік төлемдер (қозғалтқыш көлемі 3 мың текше сантиметрге дейінгілер) орташа алғанда автомобиль құнының 23%-ынан 28%-ы аралығында құрайды, деп мәлім етті CARMA.KZ редакциясына МКК мамандары.
Ербол Казистаев, корреспондент
20.07.2022, 08:00