Маусымда қазақстандықтар 12 мың жаңа автомобиль сатып алды
Жаңа автомобильдердің саудасы екі ай бойғы төмендеуден кейін өсім көрсетті, нарықта Chevrolet алда тұр.
Қазақстандық сатып алушылар автосалондардан жеңіл автомобиль, коммерциялық жеңіл техника, жүк көліктері мен автобустарды қоса есептегенде 11 854 бірлік техника сатып алған, деп хабарлады CARMA.KZ редакциясына ҚАБҚ баспасөз қызметі. Мамыр айымен салыстырғанда сауда 40%-ға өсті, оған себеп — жерсіндірілген модельдерге сұраныстың көбеюі. Маусымдағы сауданың 83,5%-ы соларға тиесілі.
«Өткен айдың нәтижесі бойынша екі нәрсені атап өту керек: жыл басынан бері болған ең жоғарғы сауда (12 мыңға жуық автомобиль), сондай-ақ қазақстандық өндірістен шыққан автомобильдерге рекордтық сұраныс (сатып алушылардың 83%-ы отандық көліктерді таңдаған). Нарықтың көрсеткіштеріне екі негізгі фактор әсер етті, оның бірі — кейбір сегменттерде тапшылықтың қысымы төмендеп келе жатқандығы, екіншісі — жеңілдетілген несие бағдарламасының әсері», — деп пікір білдірді АТМО директоры Артур Мискарян.
Сарапшы атап өткендей, барлығын қосқанда жыл басынан бері жаңа автомобильдердің саудасы 50 мың межеден асып түсіп, импорттық автомобильдерді жеткізу күрт азайғанына қарамастан, есептік кезеңде нарық былтырғы деңгейіне жетті.
Маусымдағы үздік 5 бренд:
- Chevrolet — 4 104 бірлік.
- Hyundai — 2 529 бірлік.
- KIA — 1 316 бірлік.
- LADA — 1 112 бірлік.
- Toyota — 756 бірлік.
Маусымда сауда көбейген 5 үздік:
- Алматы — 3 007 бірлік.
- Нұр-Сұлтан — 2 474 бірлік.
- Шымкент — 1 393 бірлік.
- Қарағанды — 810 бірлік.
- Қостанай — 712 бірлік.
Естеріңізге сала кетейік, осының алдындағы екі айда жаңа автомобильдердің саудасы: сәуірде 8,5%-ға және мамырда 10%-ға төмендеді. Оған себеп Ресей зауыттарынан қазақстандық автосалондарға жеткізілетін импорттық автомобильдердің саудасы төменуі. Негізінен Nissan, Renault, VW және Toyota секілді брендтердің саудасы құлдырап кетті.
Олжас Сабитов, журналист
13.07.2022, 08:55