Меню CARMA.KZ

Iveco Ресейден кетіп жатыр

Биыл «Iveco — УралАЗ» зауыты Миасс қаласында 700 жүк көлігін шығаруды жоспарлаған болатын.

Iveco Ресейден кетіп жатыр / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Iveco Ресейден кетіп жатыр / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Италиялық автомобиль жасаушы Iveco автомобиль жасаушы бренді «Iveco АМТ» кәсіпорнындағы өзінің үлесін Ресейдегі серіктестеріне тапсырды, деп хабарлайды Il Denaro басылымы.

«Біз Ресейдегі бірлескен кәсіпорындағы үлесімізді бұрнағы серіктесіміз АМТ-ға тапсырдық», – деген Iveco корпорациясының бас директоры Геррит Маркстың сөзін басылым келтіріп отыр. Кейін Iveco басшысы меншікке өткізу процесі басталып кеткенін, бірақ оны аяқтау үшін біраз уақыт қажет түсіндіріп өткен.

Биылғы жылдың наурызында Iveco Украинадағы жағдайға байланысы Ресейге жүк көліктері мен арнайы техника жеткізуді уақытша тоқтатып қойды, солай бола тұра күні кешеге дейін АМТ компаниясымен бірге пай негізінде Челябі облысының Миасс қаласында жүк көліктерін шығаратын зауытты басқарып келді.

Италиялық концернге жылына 3500 жүк көлігіне дейін шығаруға қауқарлы кәсіпорынның 33% үлесі тиесілі болды. Бірақ былтыр Миасстағы зауыт 800 машина (ресейлік Автостат талдау агенттігінің деректері бойынша, Ресейде 2021 жылы жаңа жүк көліктері саудасының жалпы көлемі 100 мың бірліктен асқан) шығарды.

Биыл «Iveco АМТ» фирмасы одан аз – 600-700 жүк таситын көлік құралдарын шығаруды жоспарлаған болатын. Миасстағы зауытта қазіргі таңда коммерциялық және арнайы автомобиль техникасын құрастыру және дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Iveco басшылығы биылғы наурыздың басында, шетелде құрастырылған жүк көліктерін Ресейге жеткізуді тоқтатқан соң Ресей Федерациясы аумағында қызметінің, соның ішінде бірлескен кәсіпорын аясындағы жұмысының да толықтай тоқтағанын жариялады. Оған дейін италиялық компания ауыл шаруашылығы және коммерциялық техникалар өндіруге маманданған CNH Industrial трансұлттық корпорациясы құрамынан шығу ниеті барын мәлімдеген еді.

Италияның автомобиль жасаушы компаниясы штаб-пәтері Ұлыбританияда орналасқан CNH Industrial корпорациясының құрамына 2013 жылы енген болатын. Iveco жыл сайын 160 мыңнан аса жүк автомобилін және 430 мыңнан аса қозғалтқыш, оның ішінде дербес өндірістегі дизельдік электр станцияларын әлемдік нарыққа шығарып, сатады.  Былтырғы жылдың соңында CNH Industrial  ауыл шаруашылығы және құрылыс техникасын шығаруға бет бұратынын айтқан болатын.

Егор Васильев

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
18.07.2022, 10:44