Hyundai-дың маусымдағы саудасы бір жыл бұрынғысынан нашар
Hyundai Motor Company 2022 жылғы маусымдағы жаһандық саудада 340 534 автомобиль сатқаны туралы хабарлады, бұл мамырдағыдан 5,2%-ға көп, және былтырғыдан 4,5%-ға аз.
«Hyundai Motor өндіріс пен қорлардың жағдайын оңтайландырып, сондай-ақ әр аймаққа бейімделген бизнес-стратегияларды әртараптандыра отырып, бизнестегі екіұштылықтарды жұмсарту үшін бар күшін салады», — делінеді биылғы маусым айындағы сауданың қорытындысы туралы компанияның сайтында жарияланған ресми хабарламада.
Hyundai Motor Company өкілдерінің есептеуінше, «ұзаққа созылған індетке байланысты құрамдастардың жетіспеушілігінен туындаған жаһандық проблемалар мен Қытайда бірнеше қаланың шекарасы жабылып қалғанына қарамастан биыл әлемдік нарықтарда сауда қалпына келіп жатыр».
Есептен белгілі болғандай, Hyundai Motor Кореядан тысқары нарықтарда жалпы көлемі 281 024 автомобиль сатқан, бұл мамырдағыдан 7,9% көп, десек те бұл былтырғыға қарағанда бәрібір 2,5%-ға аз. Кореядағы сауда одан да көп төмендеген және төмендеу 13%-ды құрайды.
«Дей тұрғанмен компания жол талғамайтын және Genesis люкс бренді модельдерінің саудасын тұрақты ұстап тұр. Бұл екеуінен 20 006 және 11 208 бірліктен сатылды», — деп хабарлайды компания.
Қазақстандық АвтоБизнес Қауымдастығының (ҚАБҚ) деректері бойынша, Қазақстанда Hyundai маркалы және еншілес компанияның KIA маркалы автомобильдері ең көп сатылатындардың тізімінде екінші орынды еншілейді. Қауымдастықтың статистикасы бойынша, барлығын қоса алғанда маусым айында аталмыш брендтерден 3845 автомобиль сатылған, бұл сауда жағынан алға озып кеткен Қостанайдағы Chevrolet-тен (4 104 автомобиль сатылған) аздау.
Сонымен қатар, Hyundai Motor Company ресми есебінде «сыртқы қолайсыз жағдайларда, соның ішінде құрамдастардың әлі де жетіспеушілігі мен шикізат бағасы құбылып тұрған шақта Hyundai маусым айында бір жыл бұрынғысынан 30%-ға асырып, 19 000 бірлік электромобиль сату арқылы осы салада әлемдік көшбасшы ретінде өзінің орнын нығайтып келеді».
Биыл компания әлемдік нарықта 100 000 электромобиль сатқан.
Hyundai Motor Company сауда нәтижелері (бірлікпен)
маусым 22 жыл |
маусым 21 жыл |
ж/ж өзгеріс |
мамыр 22 жыл |
а/а өзгеріс |
2022 ж. жыл басынан |
2021 ж. жыл басынан |
жыл басынан бергі өзгеріс |
|
Кореядағы сауда (мың) |
59 510 |
68 407 |
-13,0% |
63 373 |
-6,1% |
334 396 |
386 095 |
-13,4% |
Шетелдегі сауда (мың) |
281 024 |
288 224 |
-2,5% |
260 460 |
7,9% |
1 542 797 |
1 645 090 |
-6,2% |
Әлем бойынша саудасы |
340 534 |
356 631 |
-4,5% |
323 833 |
5,2% |
1 877 193 |
2 031 185 |
-7,6% |
Егор Васильев, корреспондент
15.07.2022, 14:13