Меню CARMA.KZ

Газ бағасы бұрынғысынша қалады

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) жанармай құю станцияларындағы қазіргі газ бағасын жыл соңына дейін сақтап қалуды ұсынып отыр.

0

Газ бағасы бұрынғысынша қалады / Фото: narodna-pravda.ua
Газ бағасы бұрынғысынша қалады / Фото: narodna-pravda.ua

Бәсекелестікті қорғау агенттігі мұнайдан алынатын сұйытылған газды бөлшек саудасының бағасын биылдың соңына дейін реттеп отыруды ұсынды. Агенттік осыған қатысты бұйрықтың жобасын әзірлеп, оны «Ашық үкімет» порталында жариялады.

«ТМД нарығының бөлшек сауда сегментінде еркін бағажасамы жағдайында бағалардың күрт көтеріліп және осының салдарынан қоғамда әлеуметтік толқу туындау қаупі бар», — делінеді құжаттың түсіндірме жазбасында.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы қаңтар оқиғасы кезінде Президенттің тапсырмасы бойынша 2022 жылғы 5 қаңтарда БҚДА басшысының міндетін атқарушының бұйрығымен көлікке жанармай құю станцияларынан сұйытылған мұнай газының бөлшек саудасына бағаны әр аймаққа байланысты бір литрі үшін 50-ден 70 теңге аралағында уақытша мемлекеттік реттеу енгізілген болатын. Бұйрықтың әрекет ету мерзімі 2022 жылдың шілдесінде аяқталады.

Қазақстан Республикасы аумағында ЖҚС-та автокөлікке жанармай құю үшін газдың шекті бағасы, дереккөз — БҚДА

Тауар нарығының географиялық шекарасы 1 литрі үшін шекті бөлшек бағасы теңгемен Алыс аудандарда 1 литрі үшін шекті бағасы теңгемен

Нұр-Сұлтан қ. 70 -

2

Алматы қ. 65 -

3

Ақтөбе облысы 50 55

4

Атырау облысы 50 55

5

Ақмола облысы   70 75

6

Алматы облысы  70 75

7

Шығыс Қазақстан облысы 60 65

8

Жамбыл облысы 60 65

9

Батыс Қазақстан облысы 60 65

10

Қостанай облысы         70 75

11

Қызылорда облысы 60 65

12

Қарағанды облысы 70 75

13

Маңғыстау облысы 50 55

14

Павлодар облысы 70 75

15

Солтүстік Қазақстан облысы 70 75

16

Түркістан облысы 60 65

17

Шымкент қ. 60 -

18

Абай облысы 60 65

19

Жетісу облысы 70 75

Сонымен бірге, үкіметтің ұсынысымен 2022 жылғы 28 маусымда парламент бірқатар түзету енгізді. Ол бойынша үкіметтің мемлекеттік уақытша бағаны реттеу режимін қолдануына уақытша шек алынып тасталды. Аталмыш заң президентке қол қоюға жолданды. Қазіргі қолданыстағы ереже бойынша үкімет тек белгілі бір уақыт аралығына — ең көбі 180 күнге шекті бағаны реттеуді енгізе алады.

Вадим Григорьев

Вадим Григорьев, журналист
04.07.2022, 13:37