Меню CARMA.KZ

Еуропада коммерциялық автомобильдердің сауда көлемі төмендеп барады

2022 жылдың маусымында Еуроодақ елдерінде 144,2 мың жаңа коммерциялық автомобиль тіркелген.

Еуропада коммерциялық автомобильдердің сауда көлемі төмендеп барады / Фото: itc.ua
Еуропада коммерциялық автомобильдердің сауда көлемі төмендеп барады / Фото: itc.ua

2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында коммерциялық автомобильдердің сауда көлемі 2021 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 20,3%-5а төмендеді. Еуропаның негізгі нарықтары — Испания (-30,4%), Франция (-22,1%), Германия (-18,8%) және Италияның (-10,3%) барлығында да сауда төмендеген.

Еуропаның автомобиль өндірушілері қауымдастығының деректері бойынша, 2022 жылдың маусымында еуропалықтар 144,2 мың жаңа коммерциялық көлік сатып алған. Бұл 2021 жылдың маусымымен салыстырғанда 22,5%-ға аз. Еуропаның негізгі нарықтары: Испания (-26,9%), Германия (-26,1%), Италия (-21,3%) және Франция (-20,9%) саудада айтарлықтай төмендеуді тіркеп отыр.

Бұған жаңа фургондар саудасының күрт төмендеп кетуі себеп. Жалпы Еуропадағы барлық коммерциялық машиналардың 80% саудасы осы көлік түріне тиесілі болып келді. Оның орнына керісінше жүк автомобильдеріне сұраныс өскен.

2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында Еуроодақта 653,7 мың коммерциялық жаңа жеңіл автомобиль сатылған. Бұл 2021 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 23,9%-ға аз. Еуропаның негізгі нарықтарының қай-қайсысында да төмендеу орын алған: Испания (-35,4%), Франция (-24,4%), Германия (-22,1%) және Италия (-11,6%).

Маусымда Еуроодақ елдерінде 115 мың жаңа коммерциялық жеңіл авомобиль сатылған, бұл былтырғы маусым айымен салыстырғанда 26,8%-ға аз. Сұраныс Испанияда (-32,4%), Германияда (-31,6%), Италияда (-25,3%) және Франция (-21,9%) құлдырады.

Аздаған өсімді үлкен жүк көліктері көрсетті — 0,4%. Жарты жылды 128,5 мың данасы сатылған. Мұндай көрсеткішке соңғы екі айдағы жақсы көрсеткіштің арқасында қол жеткізу мүмкін болды. Бір ғана маусым айында Еуроодақта 22,5 мың үлкен жүк көліктері сатылған.

Есесіне, орташа және ауыр жүк көліктерін тіркеу 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 2,5%-ға төмендеді. Тек Испанияда ғана жүк көліктерін тіркеу 5,1%-ға өсті. Еуропаның қалған нарықтары — Германия (-7,6%), Франция (-1,5%) және Италия (-1,1%) сұраныстың төмендегенін тіркеді.

Сонымен қатар, жүк көліктерін сатуда жақсы нәтижелер 2022 жылдың маусымында болды. Ол кезде осындай 26,7 көлік сатылды. Испанияда сату көлемі 25,6%-ға, Италияда 5% өсті.

Алғашқы жартыжылдықта автобустарға сұраныстың шамалы өскені байқалады. Бұл көрсеткіш наурыз және мамыр айларындағы жақсы нәтижелердің арқасында 2,8%-ға өсті. Ал маусым айында автобустардың сатылымы 2021 жылдың маусымымен салыстырғанда 8,7%-ға төмендеді. Айдағы көрсеткіштердің басым бөлігі Португалияда өсті. Онда автобустарға деген сұраныс 9 еседен артық жоғарылады (+951,1%).

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
28.07.2022, 16:16