Меню CARMA.KZ

Chevrolet Equinox: туристік әлеуетті бағалау

Кроссоверді Нұр-Сұлтан қаласының кептелістерінде, тас жолдарда, қала маңындағы ауыл жолдарында сынақтан өткізіп, бұл автомобильдің болашақта саяхаттау үшін жүрісін бағамдап көргелі отырмыз.

Соңғы бірнеше жыл бойы менің негізгі автокөлігім 2,5 литрлік атмосфералық моторлы жапон седаны болды. Жақсы, еліміздегі ірі қала тұрғысынан алғанда орташа автомобиль — көлік ретінде өзінің міндеттерін толықтай атқаратын. Сені бағыттағаны болмаса жол деуге келмейтін жерлерде жүруге тура келетінімді есептесем, ол өзінің міндеттерін тіпті асыра орындайды дер едім. Арқалық жаққа жол жүрген жандар менің қандай жолдарды меңзеп тұрғанымды бірден сезе қойған шығар деп ойлаймын.

Бұл машина тасжолдарда жақсы жүреді. Моторы 92-мен еш қиналмай жұмыс істейді, егер жақын маңдағы бекетте 95 табылмайтын болса, кез келген қызметті ақылға қонымды ақшаға алуға болады. Салонда үш ересек жолаушы мен жүргізуші ә дегеннен бірнеше жүз шақырымды шаршамай жүріп өте алады, әрі олардың барлығы сөмкелерін жүк салғышқа орналастырады. Жанармай мен салық шығыстары жоқ көлік бола ма, ол онсыз да баршаға түсінікті.

Өткен демалыста Қостанайға жол түсті, ол жақтан әрі қарай достарым өз көліктерімен Челябі облысына тауға барып қайтуды ұсынды. Тек бағдарымыз әдеттегідей Қайрақ және Бугристое шекара пункттері арқылы емес, танысымыздың танысы оңай және қысқа деп ұсыныс еткен бізге беймәлім жол болды.

Қысқасы, Қостанай – Рудный тас жолы. Бұл жерлерде қазір жолға тұтастай жөндеу жүріп жатқандықтан, айналма жол көп болды. Құрылыстың көлеміне қарағанда, жаңа жол өте сапалы болғалы тұр. Рудный мен Лисаковск арасында солға бұрылыс бар,азғантай асфальт жол кездесетіні болмаса, Варваринскийді қоса алғанда, бірнеше кеніштің арасындағы жазық далада топырақты, грейдер және айналма жолдар кездесті. Қазақстан жағында соңғы аялдамамыз Аят кенті болды, одан шыққан соң сапарымыз тағы да жазық дала мен топырақ жолдарға ұласты.

Шекара пунктінде қазақстан жағында 2 қызметкер, ал ресей жағынан 4 қызметкердің жұмыс істеп тұрған байқадық. Шекарадан өткен соң, Ресей аумағында асфальтталған дұрыс жол тек 50-60 шақырымнан кейін барып басталды. Сапарымыздың бір бағытындағы 400 шақырым жолды 11 сағат жүріп өттік.

Бірнеше күннен кейін үйімізге кері қайтқанда өзімізге таныс, техникамыз бен жүйкемізге салмақ салмайтын жөндем жолмен жүріп отырдық. Қостанайға дейінгі жолға — 5-6 сағат, тағы 8 сағатымыз Нұр-Сұлтанға дейінгі жолға кетті. Ең басты айтпағым — сапар барысындағы басымыздан өткен жәйттер осының алдында бір апта бұрын CARMA.KZ редакциясының сынақтамасында болған Chevrolet Equinox-ты жиі есіме оралта берді.

Chevrolet Equinox / Фото: CARMA.KZ
Chevrolet Equinox / Фото: CARMA.KZ

Chevrolet Equinox / Фото: CARMA.KZ
Chevrolet Equinox / Фото: CARMA.KZ

Сынақтама автомобиль

Біздің сынақтама өткізуімізге қара түсті, шанақтың түсіне сәйкес қара түске боялған жеңіл қорытпалы R19 дискілі, антихромды және салоны қара экотерімен қапталған автомобиль тап болды. Қысқасы, мұндай тұтас қара түсті көлік өз сегментінде классика болып табылады.

Сынақтама жүргізілген бірнеше күнде Equinox Нұр-Сұлтанның сыртындағы айналма тас жолда, Қарағандыға апаратын автобанда және басқала мен Тельман кенті арасындағы тек қытайлық жүк көліктері жүріп ойдым-ойдым етіп тастаған даланың жолында өзін жақсы көлік ретінде көрсетті. Екілитрлік турбомотор тоғызсатылы автоматпен жұптасып жұмыс істейді, қаланың кептелістрінде кідірмейді де, жұлқымайды да. Әрине 236 ат күші бар мотор салмағы екі тонна болатын кроссорден тұрған жерінен «шаң боратпасы» анық, бірақ көп жағдайға қуаты жетіп тұр.

Сондықтан жылдам шешім мынадай: елордадан Қостанайға дейінгі 700 шақырымдық сапар жақсы тасжолмен және Equinox-пен жиі басып озып отырар болсаң жайлы өтетін болады. Мен мініп жүрген седанымнан кем емес. Орындықтың жастығы аздап жайсыздық тудыруы мүмкін, кей жүргізуші үшін тым қысқа болуы мүмкін. Десек те отырғыштарда жылытумен қатар желдету де қарастырылған. Меніңше, жаз мезгілінде бұл тамаша опция.

Жанармай шығыны бойынша. Шевроле сынақ барысында 12 литр жақты, бұл аталмыш санаттағы автомобиль үшін аз. Сыйымдылығы 60 литрлік бак алыс сапарлар үшін жетіп жатыр.

Панорамалық төбе салонды жарық етіп тұрады / Фото: CARMA.KZ
Панорамалық төбе салонды жарық етіп тұрады / Фото: CARMA.KZ

Қозғалыс жолағын бақылау жүйесінің жұмысын ерекше атап өткен жөн: автомобиль бұрылыс көрсеткішін қоспастан өз жолағынан шығып кететін болса сызықтар болған жағдайда жүйе ұқыппен бағыттап отырады. Егер қолды рульден алатын болсаңыз, жүйе автомобильді жолақта өзі ұстап отырады, сосын бір-екі минуттан соң белгі бере бастайды.

Құралдар панеліне келер болсақ, кейбір жүргізуші үшін қаріптер тым кішкентай болуы мүмкін, десек те жарықтандыру мен оның безендірілуі көзге әдемі көрінеді. Медиажүйесіне сына айта алмайсың, ал жағымды нәрселерден тағы бір атап айтатыны — ол Bluetooth арқылы смартфон мен бас құралды жалғаған кезде климатты бақылау жүйесі кіріс-шығыс қоңыраулары кезінде шу болмас үшін желдеткіштің айналысын өздігімен азайтады.

Әйнекжуғыштың бағы ыңғайлы етіп шетке орналастырылған / Фото: CARMA.KZ
Әйнекжуғыштың бағы ыңғайлы етіп шетке орналастырылған / Фото: CARMA.KZ

Маған сондай-ақ тежегіштер ұнады: барабар күш, түсінікті педаль реакциялары және нәтижесінде автомобиль ойлағаныңдай баяулап, тоқтайды.

Варваринский шахталарынан өтетін бағдар бойынша Челябі облысының тауларына далалар арқылы және Chevrolet көлігімен айналма жолдармен жүру әлдеқайда жеңіл болар еді. Жолға жарықтың биіктен түсуі, энергияны қажет ететін аспалар мен қосылатын толық жетектің болуы — мұның барлығы үлкен сенімділік береді.

Салон мен жүксалғыш

Дегенмен осының барлығы ең бастысы емес, Equinox-ты еске салатын өзгеде жағдайлар бар. Тауда жолдасым екеуміз бірнеше күн шатырда тұрдық. Демек, жолға шығардың алдында жүксалғышқа шатырдан бөлек, төсеніш, төсекқап, газошақ, жастық, жапқыш пен плед сыйып кетті. Табиғат аясында түнеу әрине керемет. Бірақ түнде тауда әлдеқайда салқынырақ, сондықтан кез келген шатырдың қабырғасына конденсат жиналып, жайсыздық тудырады. Ал Equinox-тың салонында артқы орындықтар тегіс болып жатады, демек саяхатта бұл дап-дайын кереует. Өзіңмен бір-екі жастық пен жамылғы алсаң жеткілікті.

Артқы отырғыштар едендей тегіс жатады / Фото: CARMA.KZ
Артқы отырғыштар едендей тегіс жатады / Фото: CARMA.KZ

Салонында есік қалталары, жалпақ қолдемегіштер, терең стақанқойғыш және алдыңғы панель мен маңдай шынымен аралықта бос кеңістік көп. Осының барлығы Chevrolet үшін басты нарық АҚШ болып қала беретінін еске салады. Сондай-ақ мұның барлығы автомобильдің саяхат кезінде өте ыңғайлы етіп көрсетеді. Смартфон, пауэрбанк, ноутбук, газошақ, сол сияқты толып жатқан кезекті заттарың үшін орын жеткілікті.

Қысқасы Уралға сапар мені автомобиль ауыстыру туралы ойға жетеледі, себебі тасжолмен жүріп өтетін алыс сапарлар мен шалғайда жатқан жерлерге жиі баратын кездер болады, ал жүйке мен уақытты осы күні бағалай бастағанбыз.

Қытай мен АҚШ-та автомобиль бензин қозғалтқыштарының кең түрі ұсынылған: бастапқы — 1,3 тек механикамен және алдыңғы жетекпен келеді, орта 1,5 алты сатылы автоматпен және 2 жоғары деңгейлі қозғалтқышпен біріктірілген. 2-литрлік тоғыз жылдамдықты автоматпен жұптастырылған. Қазақстанда Equinox тек жоғары деңгейлі екі литрлік қозғалтқышпен ғана қолжетімді, бірақ жақын арада біз турбо төрттік гибридті қондырғымен жабдықталған нұсқаларды импорттай бастаймыз. Өз класының стандарттары бойынша және тұтастай алғанда біздің нарық үшін мұндай комбинация сирек, әлі де жаңа. Ал 2023 жылы Chevrolet осы модель негізінде электромобиль шығаруды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта маңыздысы, автокөліктерді дилерлерден табуға болады: автокөлік жинақтары Еуропа және Ресей шекараларын айналып өтіп, Өзбекстан арқылы жеткізіледі, сондықтан Chevrolet-де күту уақытында айтарлықтай проблемалар жоқ. Базадағы көліктің бағасы 16,3 миллионнан басталады, ал сұраныстағы нұсқасы 19 миллионға жуық тұрады. Яғни, санатына қарай — бәрі басқаларынікіндей, бірақ Equinox корей немесе жапон әріптестерімен салыстырғанда мінезді моторымен ерекшеленеді.

Артур Мискарян

Артур Мискарян, независимый автомобильный эксперт
16.07.2022, 14:10