Меню CARMA.KZ

Бір жыл пайдаланғаны үшін Corvette иелеріне Chevrolet ақша төлеуге дайын

Америкалық өндіруші осылайша жаңа спорт көліктеріне алдын ала тапсырыстың санын қысқартпақшы.

Бір жыл пайдаланғаны үшін Corvette иелеріне Chevrolet ақша төлеуге дайын / Фото: Chevrolet
Бір жыл пайдаланғаны үшін Corvette иелеріне Chevrolet ақша төлеуге дайын / Фото: Chevrolet

Екі орындық Chevrolet Corvette спорттық көліктерінің иелері көліктерін қайта сатпай пайдаланғаны үшін өндірушіден жылына бес мың долларға дейін ақша алып тұратын болады, деп хабарлайды motorpage.ru ресурсы General Motors баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

GM өкілдерінің түсіндіруінше, компания әлем бойынша электронды құрамдастардың тапшылығына байланысты көлемі азайған өзін «санаулы» ғана шығарылатын өнімі төңірегінде алыпсатарлықты тоқтату үшін осындай тривиалды қадамға барып отыр. Осының салдарынан негізінен алдын ала тапсырыс бойынша жасалатын жаңа C8 модельдің машиналарын күту мерзімі ұзаққа баруда: компанияның айтуынша, қазір тапсырыс тізіміндегі кезек үш жылға созылып жатыр. Компания осыған дейін де осындай жағдайды бастан өткерген: яғни машиналарға алыпсатарлар тапсырыс беріп, тапсырысты алысымен кезекте өздерінен кейін тұрған, тапсырысын күткісі жоқ клиенттерге сатып отырса, ал соңғылары тапсырыс үшін төлеп қойған төлемді кері қайтарып алатын болған.

Көршілес Ресейдегі жаңа Corvette құны, motorpage.ru сайтының мәліметінше, конфигурациясына байланысты 7-ден 11 миллион рубльге дейін барады. Басылымның мәліметінше, сатушылардың жаңа көліктерге үстеме бағасы осы бағаның үштен біріне дейін жетеді. Бұл әрекеттерді қалайда тоқтату үшін General Motors Corvette иелеріне сатып алынған автомобильдер үшін ұзақ мерзімді ынталандыру бағдарламасын ұсынуға шешім қабылдады, яғни олар көлікті әр пайдаланған жыл үшін 5 000 доллар алатын болады.

«Chevrolet жаңа Corvettes иелерін ақшамен ынталандырмақшы — Z06 көлігін кем дегенде бір жыл бойы ұстаған әрбір адам My Chevrolet Rewards адалдық бағдарламасында 500 000 мың баллға ие болады. Поинттар сомасы бес мың долларға тең, оны кез келген General Motors дилерінде аксессуарларға, бөлшектерге және қызмет көрсетуге жұмсауға болады», — деп жазды басылым.

Chevrolet Corvette — 1953 жылдан бері АҚШ-та General Motors фирмасы Chevrolet брендімен шығарылған екі орынды, артқы жетекті спорттық автомобиль. Автокөлік американдық өндіруші жасаған алғашқы спорттық көлік болып табылады. 2019 жылдың шілдесінен бастап бұл модельдің сегізінші буын көлігі — Chevrolet Corvette C8 ұсынылды. Автокөліктің негізгі ерекшелігі  қозғалтқыштың ортамоторлы тұтастыққа көшті, соның арқасында Корветтің негізгі ерекшеліктерінің бірі — ұзын, шығыңқы тұмсығы мен артқа жылжитын кабинасы жойылды.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
28.07.2022, 11:30