Меню CARMA.KZ

Автоорталықтарда жүрілген машиналардың саудасы төмендеген

Жүрілген автомобильдердің еліміздің нарығындағы ірі ойыншылары бірінші жартыжылдықта сатып алушылардың белсенділігі төмендегенін айтады.

Автоорталықтарда жүрілген машиналардың саудасы төмендеген / Фото: UGC
Автоорталықтарда жүрілген машиналардың саудасы төмендеген / Фото: UGC

«Биылғы жылы сауда төмендегені байқалды. Алайда бұл үрдіс жыл бойы сақталып тұра бермейді деп болжаймыз. Тексеруден өткен жүрілген автомобильдердің сауда көлемі 2022 жылдың екінші жартысында белгілі бір өсім көрсететін болады», — деді CARMA.KZ порталына Aster-дің баспасөз қызметі. Бұл компания ұсталған автомобильдердің ұйымдасқан нарығындағы Қазақстанның ірі ойыншысы болып табылады.

Aster желісінде ұсталған автомобильдердң саудасы 2021 жылы 13,5 мың межеден асты, деп мәлім етті компаниядағылар. Өткен жылда болған мұндай нәтижені олар «қазақстандықтар арасында тиісті тексерулерден өткен және қандай да бір кепілдіктерге ие жүрілген автомобильдерге деген қызығушылықпен» байланыстырады. Ұсталған автомобильдер нарығындағы тағы бір ірі ойыншы — Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында автоорталықтары бар MyCar өткен жылы 3 991 автомобиль сатқан.

Қолда бар бағалаулар бойынша, автосалондар 2021 жылы барлығы 35 мың бірлік жүрілген автомобильді саудалаған.

Биылғы өткен 5 айда Aster желісінде 3 мыңнан аса тексерілген автомобиль саудаланыпты. MyCar-дың қаңтар мен мамыр аралығындағы саудасы 1 727 автомобильді құраған.

CARMA.KZ редакциясының сауалына жолдаған жауапта жүрілген автомобильдердің ұйымдасқан нарығының қатысушылары сатып алу белсенділігінің төмендеуін жалпы әлемдегі әлеуметтік-экономикалық қолайсыз ахуалдың, сондай-ақ 2020 жылы басталған жаһандық экономикалық дағдарыстың әсері деп түсіндіреді.

Қазақстандағы екі ірі ойыншының бағалаулары бойынша, ұсталған автомобильдерді сатып алушылар негізінен 5 жылға дейінгі техникаларға қызығушылық білдіреді. Aster сатылған көліктердің жылдарына қатысты ақпарат бермеді, дегенмен айтуларынша адамдар неғұрлым «жаңа» автомобиль сатып алуды қалайды, сол себепті көбіне жүргеніне 5 жыл толмаған тексеруден өткен автомобильдерді таңдайды. Десек те «ескі» автомобильдерге сұраныс бар, бұл нақты бір бағаға, сондай-ақ соңғы жылдары автомобильдердің белгілі бір моделі культтық мәртебе ие болуымен байланысты».

Жүргеніне 2 жыл толмаған автомобильдерге сұраныстың MyCar-ға 25% тиесілі, дей тұрғанмен сатып алушылардың 40%-ы 3-5 жылдық автомобильдерді алады.

Ойыншылардың бағалаулары бойынша, алдағы уақытта жүрілген автомобильдердің саудасы хабарландыру арқылы емес арнайы автосалондарда көбірек жүретін болады. Құқықтық тұрғыдан таза және техникалық жағдайы ақылға қонымды жүрілген көліктерді сатып алғысы келетіндер тұрақты түрде өсіп келеді.

Олжас Сабитов

Олжас Сабитов, журналист
04.07.2022, 14:38