Жеңілдетілген автонесие бағдарламасымен 3 мыңға жуық көлік берілді
Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.
«Бүгінгі күні (9 маусым — CARMA.KZ ескерт.) 9885 өтінім – 10 мыңға жуық өтінім мақұлданды. Бұл шамамен 73 млрд теңгені құрайды. Әлі 27 млрд теңге бар», — деп мәлімдеді жеңілдетілген автонесие бағдарламасының іске асыру барысы туралы парламент сенатының қабырғасында БАҚ-қа жауап берген министр.
Қайырбек Өскенбаевтың сөзінше, бағдарлама авторлары «100 миллиард шамамен 15-16 мың несие жетеді» деп есептеген. Олар «банк өзінің жұмысын тоқтата тұрған шығар, себебі 20 мыңнан астам өтінім түсті» деп санайды.
Бағдарламаға қатысушы банктердің кейбірі жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдауды тоқтатып қоюына қатысты пікір білдірген Өнеркәсіпті дамыту қоры 3 маусымдағы жағдай бойынша, қатысушы банктердің жалпы сомасы 71 млрд теңгенің 9575 өтінімін мақұлдағанын хабарлаған болатын. Атап айтқанда:
«Еуразиялық банк» АҚ — сомасы 15,6 млрд теңгенің 2 068 өтінімі;
«БанкЦентрКредит» АҚ — сомасы 25,9 млрд теңгенің 3 462 өтінімі;
«Қазақстан Халық банкі» АҚ — сомасы 19,4 млрд теңгенің 2 630 өтінімі;
«Forte Bank» АҚ — сомасы 9,9 млрд теңгенің 1 415 өтінімі.
Сонымен бірге бағдарламаның қаржыландыруға бөлінген 100 млрд теңге қатысушы банктердің арасында келесідей лимиттер бойынша белгіленген:
«Еуразиялық банк» АҚ – 35 млрд (1 транш — 15 млрд теңге, 2 транш — 20 млрд теңге);
«БанкЦентрКредит» АҚ — 27,5 млрд теңге;
«Қазақстан Халық банкі» АҚ — 15 млрд теңге;
«Forte Bank» АҚ — 15 млрд теңге.
«Еуразиялық банк» бағдарламаға бөлінген қаражаттың алғашқы траншын толықтай игергендіктен, Қор оған сомасы 20 млрд теңге болатын екінші траншты берді. «Халық банкінде» де дәл осындай жағдай. Бұл банкке сомасы 7,5 млрд теңге лимитті «азаматтардың автонесие алуға берген өтінімдерінің нақты мақұлданғандарын есепке ала отырып» ұлғайту қарастырылып отыр.
Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасын кеңейтуге қатысты «әзірше осы қаражатпен шектелеміз» деп атап өтті. Десе де бағдарламаға азаматтар тарапынан сұраныстың жоғарылығын ескеріп бұл мәселе қайта қаралуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
«Байқап көреміз. Бағдарламаға сұраныс аса жоғары», — деп мәлімдеді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.
Вадим Григорьев, журналист
09.06.2022, 14:26