Жаңа автомобильдердің саудасы 5 айда 10%-ға қысқарды
Импортталатын модельдердің саудасы айтарлықтай төмендеген болса, елімізде құрастырылатын автомобильдердің саудасы тұрақты күйі қалып отыр.
Жыл басынан бері елімізде көлік сатып алушылар автосалондардан жеңіл көліктер, жүк көліктері мен автобустарды қоса есептегенде жалпы саны 39 987 бірлік техника сатып алған. Бұл мәліметті Қазақстандық автобизнес қауымдастығы жариялады. Өткен бес айда сауда былтырғы дәл осындай кезеңмен салыстырғанда 10%-ға төмендеді — ол кезде 44,2 мың автомобиль сатылған, деп атап отыр Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығындағылар.
Мамырда ресми дилерлер 8 295 автомобиль сатқан. Бұл 2021 жылғы мамырмен салыстырғанда 18%-ға аз. Ол кезде қазақстандықтар автосалондардан 10 122 автомобиль сатып алған еді.
Мамырдағы 5 үздік бренд:
- Chevrolet — 2 630 бірлік
- Hyundai — 1 752 бірлік
- KIA — 914 бірлік
- LADA — 831 бірлік
- Toyota — 641 бірлік.
Volkswagen, Nissan, Renault және Toyota секілді брендтердің саудасы: VW және Nissan — 39% және 43%, Renault және Toyota 33% төмендеген.
«Қазақстанда осы брендтердің аса сұраныстағы модельдері бүгінде жұмыстары тоқтап тұрған ресейлік зауыттардан жеткізіліп келді. Соған сәйкес олардың қазіргідей жағдайдағы нарықтағы үлесін елімізде өндірісі бар брендтер, және Қытайдан тікелей жеткізілетін брендтер өзара бөлісетін болады», — деп АТМО жетекшісі Артур Мискарян пікір білдірді.
Бес айдағы үздік 5 бренд:
- Hyundai — 10 427 бірлік
- Chevrolet — 8 523 бірлік
- KIA — 4 240 бірлік
- LADA — 3 952 бірлік
- Toyota — 3 735 бірлік.
«Жалпы әлемдік автонарықтың жағдайын, сонымен қатар оның ішінде Қазақстан мен Ресейді есепке алатын болса, импорттаушылардың бизнес-модельдерінде өзгерістерді, сондай-ақ ірі автоконцерндердің тарапынан Қазақстанда қазірдің өзінде бар өндірістік қуаттылықтарын ұлғайтуға қызығушылық болуы мүмкін.
Маңызды бір нәрсе — ол импортталатын автомобильдердің саудасы дағдарыс жағдайларына сезімтал екенін көрсетсе, ал жерсіндірілген модельдер мұндай жағдайларға әлдеқайда тұрақты болып шықты», — дейді сарапшы.
5 айдың қорытындысы бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында сатып алушылар белсенді болды. Аталмыш қалалардағы автосалондардан сәйкесінше 11,3 мың, 8,1 мың және 4,4 мың автомобиль сатылған. Еліміз бойынша жаңа көліктің саудасы Сарыағаш, Рудный мен Түркістанда өте төмен болған: сәйкесінше 37, 3 және 1 автомобиль.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын жаңа автомобильдердің саудасы 8,5%-ға төмендеген еді. Әсіресе Nissan, Volkswagen, Renault импорттық брендтері өте аз сатылған.
Олжас Сабитов, журналист
15.06.2022, 08:55