Шетелдіктер үшін тариф өсуі мүмкін
Қазақстан азаматтары үшін ақылы жолдармен жүру тарифін көтеру әзірше көзделіп отырған жоқ.
ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті (АЖК) Whatsapp желісінде тараған жүк көліктерінің жолда жүру құнын 400 тг/км дейін жоғарылату туралы ақпаратты жоққа шығарды. Комитеттің баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесінде бұның шындыққа жанаспайтыны айтылды. Бүгінгі күнде тариф автомобильдің жүк көтергіштігіне байланысты 20-25 теңге/км күйінде қалдырылған.
«Қазіргі таңда 1 санаттағы қолданыстағы ақылы жолдармен жүру үшін тарифті көтеру көзделіп отырған жоқ, яғни бұрынғысынша қала береді», — деп нақтылады комитеттің баспасөз қызметі.
Шыны керек, салалық комитетте тарифті көтеру мәселесі бәрібір қарастырылып жатқанын айтты, бірақ ол тек «шетелдік жүк көлігі құралдары үшін» ғана.
«Қазіргі таңда бастама халықаралық заңнаманы ескере отырып алдын ала қарастырылып жатыр», — делінеді комитеттің баспасөз қызметінің ресми хабарламасында. Неге екені белгісіз, бірақ комитеттегілер «бұл шешімнің жергілікті компаниялар арасында ашық бәсекелестік тудыратындығына» сенімді.
Қазіргі күні республика бойынша ұзақтығы 2,2 мың шақырым болатын 1 санаттағы 11 ақылы автожол учаскесі жұмыс істеп тұр.
Ақылы учаскелер бойынша алымдардың мөлшерлемесі 2013 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген және олар келесідей болып келеді:
жеңіл автомобильдер үшін — 1 тг/кем;
16 орынға дейінгі автобустар мен 1-ден 2,5 тн дейінгі жүк көліктері — 5 тг/км;
32 орынға дейінгі автобустар мен 5,5 тн дейінгі жүк көліктері — 10 тг/км дейін;
32 орыннан асатын автобустар мен 10 тн-дан асатын жүк көліктері — 15 тг/км дейін;
10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері — 20 тг/км;
15 тоннадан 25 тоннаға дейінгі жүк көліктері — 25 тг/км.
Вадим Григорьев, журналист
08.06.2022, 11:14